• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
26.11.2026, 08:03
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Исламхан, Зайнутдинов, Кенжебек, Сейсен секілді мықты футболшыларды даярлайтын академия құрылысы басталды

Жамбыл облысында футбол академиясының құрылысы басталды

turan_admin turan_admin
22.11.2025, 17:53
Облыс жаңалықтары, Спорт
Исламхан, Зайнутдинов, Кенжебек, Сейсен секілді мықты футболшыларды даярлайтын академия құрылысы басталды
167
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Тараз қаласында салынатын жаңа футбол академиясының іргетасына капсула салу рәсіміне қатысты. Аймақ басшысы бұл жобаның өңір спорты үшін маңызы зор екенін атап өтті.

Облыс әкімі өз сөзінде жаңа нысанның жас таланттарды тәрбиелеуге арналған үлкен орталыққа айналатынын айтты.

«Бүгін – біз үшін тарихи әрі қуанышты күн. Әулие-Ата жерінде жаңа футбол дәуірінің басталуын бірге атап отырмыз. Бұл ғимарат – тек нысан ғана емес, болашақ чемпиондардың ордасы. Өңіріміз қазақ футболының қайнар бұлағы саналады, сондықтан бұл жоба жаңа буын футболшылардың жолын ашатын маңызды қадам», – деді Ербол Қарашөкеев.

Академияның капсуласын орналастыру салтанатына Қазақстан футбол федерациясының Бас хатшысы Давид Лория және «Halyk» қайырымдылық қорының атқарушы директоры Ғалымбек Жақсылықов қатысты. Олар академияның ел футболын дамытудағы рөліне тоқталып, оның республикалық деңгейдегі маңызды жоба екенін атап өтті.

Сонымен қатар футбол ардагері Георгий Хутиди мен «Тараз» футбол клубының танымал түлегі Нұркен Мәзбаев жобаны жүзеге асыруға қолдау көрсетіп жүрген азаматтарға өз алғыстарын білдірді.

3,5 млрд теңгелік жоба – болашақ чемпиондарға арналған орталық

Құны шамамен 3,5 млрд теңгені құрайтын жаңа футбол академиясында жасөспірімдердің кәсіби өсуі мен спорттық дамуына ерекше көңіл бөлінеді. Нысан заманауи жаттығу базасымен қамтамасыз етіледі, тәжірибелі жаттықтырушылар мен ғылыми-әдістемелік топ жұмыс істейтін болады.

Жас спортшылардың жайлы өмір сүруі үшін 100 орындық жатақхана салу жоспарланған.

Академия 2027 жылы ашылады

Жоспар бойынша футбол академиясы 2027 жылы пайдалануға беріледі. Жоба Қазақстан футбол федерациясы, «Halyk» қайырымдылық қоры және Жамбыл облысы әкімдігі арасындағы серіктестік аясында жүзеге асырылуда.

Тегтер: Исламхан
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Таразда ASPARA FASHION DAY 2026 Халықаралық сән фестивалі өтті

Таразда ASPARA FASHION DAY 2026 Халықаралық сән фестивалі өтті

21.11.2026, 20:35
Аппарат басшысының орынбасарлары тағайындалды

Туризм және инвестиция басқармасына жаңа басшысы тағайындалды

17.11.2026, 11:43
Жамбылдағы жаңа басқарма басшысы неге төрт айдан кейін Алматыға ауысты?

Жамбылдағы жаңа басқарма басшысы неге төрт айдан кейін Алматыға ауысты?

17.11.2026, 10:26
Су, газ және жылу желілерін жаңғырту, 20 мыңнан астам жұмыс орны: «Әділет» кандидаттары Шу ауданының тұрғындарымен кездесті

Су, газ және жылу желілерін жаңғырту, 20 мыңнан астам жұмыс орны: «Әділет» кандидаттары Шу ауданының тұрғындарымен кездесті

13.11.2026, 20:57
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Әділет» партиясының кандидаттары «Жамбыл Су» ұжымымен су шаруашылығын дамыту мәселелерін талқылады

25.11.2026, 19:05

Адилет Молдабеков Талас ауданын дамытуға бағытталған сайлауалды бағдарламасын таныстырды

25.11.2026, 01:27

«Заңды құрметтейсің – өзіңді құрметтейсің»: Қазақстанның 20 өңірін қамтыған жоба қорытындыланды

24.11.2026, 22:39

Таразда бүлдіршіндер театр музейімен танысты

24.11.2026, 19:47

Таразда оқушылар «Аман. Сенімдер сөнгенде» психологиялық драмасын тамашалады

24.11.2026, 19:41

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына үміткерлер анықталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қалалық мәслихатына 88 үміткер тіркелді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Марат Ирменов ҰҚК төрағасы болып тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараздағы тергеу изоляторына жаңа бастық тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.