Облысымызда бұқаралық спортты дамытуға барынша көңіл бөлініп келеді. Сол мақсатта ай сайын дәстүрлі түрде Таразда «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы «Жас Отан» ЖҚ ауыспалы кубогі үшін жастар арасында футболдан кіші турнир өтті.
Жарыс салауатты өмір салтын насихаттау, жастар арасында дене шынықтырумен шұғылдануға тарту мақсатында ұйымдастарылды.
Ойынға Жамбылдық жастардан құралған барлығы 8 команда жиналды. Олар:. «Нұр Отан», «Кәсіподақ», «Жаным бет», «Жайдарман», «Жас Отан», «Тигу», «Ішкі саясат», «ЦСК» .
Партияның «Саламатты ұрпақ» жобасын жүзеге асырып, ауыл жастарын қолдау, футбол дәстүрін дамыту Тараз қаласында бір жүйеге қойылған. Мұның бір дәлелі ретінде жасотандықтар жұмыстан кейін күнде кешкісін «Тараз-Арена», «Локомотив» жастар стадионында, «Олимпик» Және «Гидро» спорт кешендерінде футбол, волейбол, баскетбол ойындарымен тұрақты түрде шұғылданады.
Ал, енді турнир қорытындысы бойынша бірінші орынды және ауыспалы кубокты «Тигу» командасы алса, екінші, үшінші орынды «Ішкі саясат» және«Кәсіподақ» командалары иеленді. Ойын барысында үздік ойын көрсеткен 2 номинацияның иегерлері анықталып, олар «Ең үздік ойыншы» номинациясы «Жайдарман» командасының ойыншысы Жаналиев Арманға, «Ең үздік қақпашы» номинациясы «Ішкі саясат» құрама командасының қақпашысы Әжібаев Айбекке берілді.
Жарыс соңында жеңімпаз командалар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.