2025 жылдың 4–6 қыркүйек күндері Жуалы ауданында дзюдодан 2010–2011 жылы туған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында Жамбыл облысының чемпионаты өтті.
Байзақ ауданындағы №8 облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің спортшылары жарыста үздік өнер көрсетіп, жеңіс тұғырынан көрінді.
Жүлдегерлер:
- Сембек Еркеназ -1 орын
- Қыралбек Кәусар — 3 орын
- Ақан Іңжу — 3 орын
- Мейіржанұлы Мейірлан — 3 орын
- Сабырбек Санжар — 3 орын
Спортшыларымызды шын жүректен жеңістерімен құттықтаймыз!
Жаңа табыстар мен биік жетістіктер тілейміз!
Жаттықтырушысы: Аллабергенов Ислам







