• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 09:00
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Ең бастысы – жалқаулыққа жол бермей, алға ұмтылу

Данияр Әбілов, Байзақ аудандық №11 спорт мектебінің директоры: «Спорт – өмір мектебі»

turan_admin turan_admin
28.10.2025, 15:29
Спорт
Ең бастысы – жалқаулыққа жол бермей, алға ұмтылу
303
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Өз өмірін спортпен ұштастырып, бүгінде жас буынның салауатты өмір салтын қалыптастыруға сүбелі үлес қосып жүрген білікті маман, Байзақ ауданындағы №11 спорт мектебінің директоры Данияр Тұрсынбекұлы Әбіловпен сұхбаттасудың сәті түсті. Ол – бала кезден бастап спортқа қызығып, кейіннен өзін осы саланың дамуына арнаған азамат. Данияр Тұрсынбекұлы спорт арқылы тек дене шынықтыруды ғана емес, жас жеткіншектердің мінез-құлқын, ерік-жігерін қалыптастыруды да басты мақсат етеді. Оның басшылығымен мектеп шәкірттері облыстық, республикалық деңгейдегі жарыстарда жоғары нәтижелер көрсетіп, ауданның абыройын асқақтатып жүр. Біз директормен оның еңбек жолы, мектептегі спорт түрлері және жас чемпиондардың жетістіктері туралы әңгімелестік.

– Данияр Тұрсынбекұлы, ең әуелі өзіңіз жайлы баяндап берсеңіз. Еңбек жолыңыз қалай басталды?

– Сәлеметсіз бе! Мен Әбілов Данияр Тұрсынбекұлы, Байзақ аудандық №11 спорт мектебінің директоры болып қызмет етемін. Дене шынықтыру мамандығын тәмамдағанмын. Екінші мамандығым – экономист. Спорт саласында 20 жылдан аса уақыт қызмет етіп келе жатырмын. Қызмет жолымды денеше шынықтыру пәтінінің мұғалім болып бастадым. Кейінірек спорт мектебіне волейболдан жаттықтырушы болып ауыстым. Қаладағы №5 мамандандырылған спорт мектебінде директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет еттім. Бір жылдан кейін 2011 жылы Меркі ауданындағы спорт мектебінің директоры болдым. 2013 жылы Жуалы ауданындағы спорт мектебіне басшы болып ауыстым. 2025 жылдың, яғни биыл мамыр айына дейін сол жерде табанды түрде еңбек еттім. Биыл мамыр айынан бері ротация арқылы Байзақ ауданына ауыстым. Бұл мектеп жаңа, 2021 жылы қолданысқа берілген. Ұжым да, жаттықтырушылар да жаңа. Көбісі өзімнің оқушыларым. Біразын бұрыннан танимын.

– Жалпы, спортқа қалай келдіңіз?

– Жалпы өмірімді спортқа арнаған адаммын. Негізінен спортқа бала күнімнен қызықтым. Мектеп қабырғасында жүргенде түрлі жарыстарға қатысып, спортты өмірімнің бір бөлігі ретінде қабылдадым. Әкем де спортқа жақын адам болатын. Сол кісінің бағыт-бағдары, ұстаздарымның қолдауы мені осы салаға алып келді. Кейін жоғары оқу орнында дене шынықтыру мамандығын бітіріп, өзім де балаларға спорттың қыр-сырын үйретуді мақсат еттім.

– Қазіргі таңда спорт мектебінде қанша оқушы бар және қандай спорт түрлері қамтылған?

– Мектебімізде еркін күрес, тоғызқұмалақ, бокс, дзюдо, жағажайдағы волейбол, футбол секілді спорт түрлері бойынша жаттығулар өтеді. Қазіргі таңда 500-ге жуық оқушы спортпен тұрақты түрде шұғылданады. Оларға тәжірибелі жаттықтырушылар дәріс береді. Біздің басты мақсатымыз – балалардың спортқа қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың бойында тәртіп, төзімділік пен еңбекқорлық қасиеттерін қалыптастыру.

– Мектеп шәкірттерінің жетістіктері жайлы айтып өтсеңіз.

– Соңғы жылдары шәкірттеріміз облыстық, республикалық деңгейдегі жарыстарда жақсы нәтижелер көрсетіп жүр. Тоғызқұмалақтан 4 баламыз чемпион атанды, үш боксшымыз финалға шықты, бір спортшымыз ел чемпионатында екінші орынға ие болды. Жаңадан ашылған мектеп болғандықтан процес ақырындап жүріп жатыр. Қазір жеңімпаз атанып жатқан жігіттердің жеңісінде менің үлесім болағанымен, болашақта осы жолда дами түсулеріне, нақты нәтижелерге жетулеріне тікелей әсер ете аламын деген сенімдемін. Жалпы Жуалы ауданында еңбек етіп жүрген жылдары боксшы шәкіртіміз Аманқұл Әбілхан олимпиадаға қатысты. Әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды. Осы көрсеткіштердің сақталуына әрі қарай да қызмет ете беремін. Байзақ ауданының бір жақсы жері, халық көп орналасқан. Халық көп жерде таңдау көп. Әуелі жаттықтырушыны таңдаймыз, сосын талантты балаларды таңдауға мүмкіндік болады. Талантты балалармен жеке жұмыс істейміз. Алғашында топта 15 бала жаттығады. Кейін 6 балаға дейін іріктеледі. Оқу жаттығу тобы, алғашқы даярлық тобы, спорттық шеберлік тобы деп бөліне береді. Соңғы деңгейде әр балаға бөлек көңіл бөлінеді. «Көп білгеннен емес, көп көргеннен сұра» дегендей, осы балаларға тәжірибем бойынша бар білгенімді үйреткім келеді. Біліктілігі жоғары мамандарға апарып, олармен де тәжірибе алмасу жолдарын қарастыруда жоспарлап жүрмін. Мемлекет ақшасы шексіз емес. Алайда тек сол қаражаттың аясында ғана жаттығу жасайтын болсақ, өсу жолы қиындайды. Сондықтан өзіміз әрекет етуге тырысамыз. Мәселен Жуалы мен Меркінің бокс мектептері өте мықты. Тараз болса қасымызда. Сондықтан бұл жолда аянып қалуға болмайды. Дзюда бойынша да дәл солай. «Баланы мемлекет берген қаражатпен ғана чемпион етемін» деген құлаққа кірмейтін нәрсе. Барлық жетістік қосымша әрекеттерді талап етеді. Жаттықтырушының өзінің бойында да өз жұмысына деген махаббат, көзінде «осы баланы чемпион етемін» деген от болуы тиіс. Байқасаңыз, спортпен айналысатын жастардың арасында суицидке бейімдік жоқ. Себебі олардың бойында мінез қалыптасады. Спортпен айналысқан бала психологиялық тұрғыда қиындыққа беріле салмайды. Күресе біледі. Сынбайды. Одан бөлек біз өз спортшыларымызды «ұр да жық» болуға емес, бір-біріне қамқор болуға, қолдау көрсетуге тәрбиелейміз.

– Спорт мектебінің материалдық-техникалық жағдайы қандай деңгейде?

– Мектептің жағдайы жаман емес. 2021 жылы ғана пайдалануға берілген. Спорт залдарымыз кең әрі жылы, барлық қажетті құрал-жабдықтар жеткілікті.

– Балалар спортқа қаншалықты қызығады? Ата-аналардың көзқарасы қандай?

– Қазір жастардың спортқа қызығушылығы артып келеді. Әсіресе, ауылдық жерлерде балалар бос уақыттарын тиімді өткізіп, спортпен шұғылдануға талпынуда. Ата-аналар да бұған үлкен қолдау көрсетіп отыр. Өйткені спорт баланың денсаулығын нығайтып қана қоймай, оның мінезін, тәртібін, ерік-жігерін қалыптастырады. Көптеген ата-ана баласын бізге сеніп тапсырады, біз үшін бұл – үлкен жауапкершілік.

– Болашаққа қандай жоспарларыңыз бар?

– Ең басты мақсатымыз – балалар мен жасөспірімдердің спортқа деген қызығушылығын одан әрі арттыру және ауылдық жерлердегі спорт инфрақұрылымын дамыту. Және ең басты мақсатымыз – ауыл ішінде жүрген тасадағы таланттарды табу. Қай бала қай спортқа бейім екенін анықтау. Содан кейін оларды әрі қарай бейімдеп, баптап, болашақ чемпиондарды шығару. Дәл қазір спорт мектебінде 500 бала спортпен шұғылданып жатыр. Бірақ бұл олардың барлығы келешекте чемпион болып кетеді деген сөз емес. Алайда олардың салауатты өмір салтын ұстап жүргені, алдарына мақсат қоя білгендерінің өзі біз үшін үлкен жетістік. Шынықсаң шымыр боласың дегендей, олардың спорт залға күн сайын тұрақты келіп спортқа айналысқаны өз салаларына деген махаббатын айқындайды. Әрі спортпен күн сайын айналысатын адам әбден сол дағдыға үйреніп қалады. Осылайша таланты барлардың бәрін чемпион етуге күшімізді саламыз. Қалай болғанда да біз ең бірінші кезекте педагогпыз. Сондықтан балаға әуелі тәрбие береміз. Содан кейін барып білім беріледі. Өзіңізге белгілі, қазір бала баланы ұрып қоятын жайттар жиі кездеседі. Сондықтан тәрбиеге көбірек көңіл бөлуге тырысамыз. «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деп бекер айтылмаса керек. Осы жолда еңбек етеміз. Тағы бір асыл арманым – өзім басшылық еткен бір мектептің, өзім жаттықтырған шәкірттерімнің бірі олимпиада тұғырынан көрінсе екен деп тілеймін. Бұл әр жаттықтырушының арманы деп ойлаймын. Осыған жету жолында барынша күш саламыз.

– Сіз өзіңіз жайлы волейболшымын деп айтып қалдыңыз. Қазір осы спорт түрінен спортшы табу неге қиындап кетті?

– Волейбол – командалық ойын. Командалық ойын қашан да ауыр. Командалық ойында бір адам жұмыс істемей қалса нәтижеге жету қиын. Алайда волейбол – таза ойын. Психологиялық қысым жоқ. Ортада сетка тұрғындықтан ешкімді алдау мүмкін емес. Волейболдан спортшы табу қиындап кетті деген пікірмен келіспеймін. Мәселен Жуалыда Ертаев есімді жігіт жұмыс істеген. Қазір осында ауысты. Себебі анасы зейнетке шыққан соң қалаға көшіп келіпті. Мұндай маманды жіберіп алмауға тырыстық. Бірақ жұмысқа шақырдық. Қазір балалармен тығыз жұмыс істеп жатыр. Жұмыс жаман жүріп жатқан жоқ. Шәкірттері Қазақстан чемпионатына қатысты.  Түймекент ауылындағы жаттықтырушымен бірігіп, бір команда шығарды. Олардан үміт көп.

– Байзақ ауданында бір емес, үш спорт мектебі бар. Өзара қарым-қатынастарыңыз қалай? Мұнда 120 000 халық тұрады. Балаларды қалай бөлісесіздер?

– Бала жеткілікті. Оларды аймақ бойынша бөлеміз. Балалар сағат бойынша жаттығады. Кейде тіпті сыймай кетеді. Ол жағынан бізде мәселе жоқ. Мектептермен қарым-қатынасымыз өте жақсы. Мен Жамбыл облысының үшінші ауданында еңбек етіп жатырмын. Жуалы, Меркі, қазіргі таңда Байзақ ауданы. Саладағы спортшыларды бұрыннан танимын. Бөліп-жаратынымыз жоқ. Кемедегінің жаны бір.

– Жақсы спортшы болу үшін ең алдымен не қажет деп ойлайсыз?

– Біріншіден, баламен ең әуелі ата-ана жұмыс істеуі тиіс. Ата-ананың қолдауы жақсы болса ол бала тау қопарады. Балаға не көрсетсең соны қайталайды. Сондықтан әр ата-ана үлгі болуы тиіс. Сосын әрине, еңбекқорлық пен табандылық керек. Спорт – төзім мен тәртіптің мектебі. Ешбір жеңіс оңай келмейді, күнделікті жаттығу, өзін-өзі жеңу, бапкердің нұсқауын орындау – табысқа жетудің басты жолы. Екіншіден, спортшы өз ісін шын сүйіп істеуі керек. Сонда ғана нәтижеге жетеді. Бір дүниені анық білген жөн. Спортпен айналысу үшін ең бірінші ақша емес, тәрбие мен білім керек. Санасы, түсінігі дұрыс қалыптаспаған спортшы асу ала алмайды. Кез келген спортшы елін сүйсе ғана шын мұратына жете алады.

– Жас мамандарға немесе спорт саласында еңбек еткісі келетін жастарға не айтар едіңіз?

– Ең бастысы – өз мамандығын сүйе білу керек. Спорт саласында тек физикалық күш емес, рухани күш те қажет. Балалармен жұмыс істеген адам сабырлы, шыдамды әрі әділ болуы тиіс. Егер жас маман осы қасиеттерді бойына сіңірсе, болашағы зор болмақ.

– Соңында оқырмандар мен жас спортшыларға айтар тілегіңіз?

– Әр адам өз ісіне адал болса, жетістікке жетеді. Ең бастысы – жалқаулыққа жол бермей, алға ұмтылу. Спорт – тек денсаулық кепілі ғана емес, өмір мектебі. Жастарға айтарым: уақытты бос өткізбей, денсаулық пен тәртіпті басты орынға қойыңыздар. Ал ата-аналарға айтар тілегім – балаларыңыздың арманы мен талпынысына қолдау көрсетуден жалықпаңыздар.

— Әңгімеңізге рақмет!

Тегтер: Түймекент
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Мырзабосынов мереке қарсаңында спорттық менеджерлерге құрмет көрсетті

Мырзабосынов мереке қарсаңында спорттық менеджерлерге құрмет көрсетті

13.08.2026, 20:20
Асаубаева мықтылығын тағыда дәлелдеді

Асаубаева мықтылығын тағыда дәлелдеді

05.06.2026, 08:59
Қазақстандық жас атлеттер әлемдік рекорд орнатып бес медаль еншіледі

Қазақстандық жас атлеттер әлемдік рекорд орнатып бес медаль еншіледі

12.05.2026, 16:15
Олимпиада чемпионы Елдос Сметовтың бауыры мекеме директоры болып тағайындалды

Олимпиада чемпионы Елдос Сметовтың бауыры мекеме директоры болып тағайындалды

15.04.2026, 20:29

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.