• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
13.11.2026, 01:19
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Ұлттық ұланда алғаш рет «аға сарбаздар» институты енгізілді

ҚР ІІМ Ұлттық ұланында тәрбие жұмысын жетілдіру және қызмет өткеру жағдайын жақсарту мақсатында 5573 әскери бөлімінде «аға сарбаздар» институты енгізілуде.

Turan Redaktor Turan Redaktor
07.10.2025, 15:00
Қазақстан жаңалықтары
Ұлттық ұланда алғаш рет «аға сарбаздар» институты енгізілді
21
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Бұл бастама мерзімді қызмет әскери қызметшілері арасындағы тәлімгерлік жүйесін дамытуға бағытталып, алғашқы оң нәтижелерін көрсетіп отыр.

Жаңа үлгі бойынша тәртіптілігімен, көшбасшылық қасиетімен және қызметке жауапкершілікпен қарауымен ерекшеленген жоғары шақырылымдағы сарбаздарға үшінші біліктілік сыныбы мен «аға сарбаз» мәртебесі беріледі. Олар өз қарамағына бірнеше жас сарбазды алып, олардың бейімделуіне, тұрмыстық жағдайының ұйымдастырылуына, тәртіп пен моральдық-психологиялық ахуалды сақтауға көмектеседі. Аға сарбаздар қамқорлығындағы жас сарбаздарды мәдени және патриоттық іс-шараларға бастап барып, тәлімгерлік және үлгі көрсетушілік рөлін атқарады.

Жаңа жүйенің ерекше белгісі ретінде аға сарбаздарға  қызыл-қоңыр жолақ кеудеше беріледі, ол олардың қызмет өткерудегі ерекше мәртебесін айқындайды.

Астана бригадасының басшылығы атап өткендей, бұл жүйе  келісімшарт бойынша қызметтегі әскери қызметшілердің жүктемесін азайтып, күнделікті тәрбие және бақылау мәселелерінде оң әсерін тигізуде. Қазіргі таңда 15-тен астам аға сарбаз келісімшарт негізінде қызметін жалғастыру мүмкіндігін пайдаланды. Бұл олардың  әскери қызметке деген ынтасының артқанын және ортақ іске қосқан жеке үлесінің маңыздылығын терең түсінетінін көрсетеді. Салтанатты жағдайда оларға әскери бөлім аумағындағы жатақханадан жеке бөлмелердің кілттері табысталды.

«Аға сарбаздар» институтының енгізілуі Ұлттық ұланның Бас қолбасшылығының бастамасы және қолдауы арқасында жүзеге асуда. Бұл қадам қызмет өткеру жағдайларын жақсартуға, әскери тәртіпті нығайтуға және жеке құрам арасында ұжымдық рух қалыптастыруға бағытталған кешенді жұмыстың бір бөлігі болып табылады.

Бұл бастамалар бөлімшелер ішінде ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз етіп қана қоймай, жауапкершілігі мол, ынталы әрі ұйымшыл жеке құрам қалыптастыруға ықпал етеді. Мұндай сарбаздар құқықтық тәртіп әскерлерінің алдында тұрған міндеттерді тиімді орындауға қабілетті.

Айта кету керек, жаңа жүйе Астана бригадасында сынақтан өткізілуде. Егер тәжірибе өз тиімділігін дәлелдесе, «аға сарбаздар» институты Ұлттық ұланның барлық әскери бөлімдерінде енгізілмек.

ҚР Ұлттық ұланы

Тегтер: әскерсарбазҰлттық Ұлан
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Қазақстандағы екі ірі компанияның басшылары ұсталды

Қазақстандағы екі ірі компанияның басшылары ұсталды

12.11.2026, 12:21
Адам құқығына назар аудару неден басталады

Адам құқығына назар аудару неден басталады

11.11.2026, 16:33
Қазақстанда жалақы салығын есептеу жеңілдейді

Қазақстанда жалақы салығын есептеу жеңілдейді

09.11.2026, 13:03
ЮНЕСКО тізімдері қазақстандық жаңа рухани құндылықтармен толығуда

ЮНЕСКО тізімдері қазақстандық жаңа рухани құндылықтармен толығуда

08.11.2026, 12:36
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

138 stem-кабинеті және 10 IT-хаб: «Әділет» партиясының білім беру бағытындағы жоспарлары таныстырылды

12.11.2026, 20:07

Рысбеков Ескендір Нұрдәулетұлы: «Халық сенімі – менің басты жауапкершілігім!»

12.11.2026, 16:28

Вице-министр жолаушыға медициналық көмек көрсетті

12.11.2026, 14:58

Қазақстандағы екі ірі компанияның басшылары ұсталды

12.11.2026, 12:21

«Жазушымен бір күн» жобасы Берік Шаханұлының шығармашылығына арналды

12.11.2026, 10:51

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына үміткерлер анықталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қалалық мәслихатына 88 үміткер тіркелді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына «Әділет» партиясы» тізіміне кімдер енді?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.