Бұл ретте мемлекет басшысы Президент әкімшілігінің Құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі Мұрат Укушевке заңнамаға балалар мен әйелдерге қарсы жасалған қылмыстар үшін жауапкершілікті арттыруды көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізуді пысықтауды тапсырды», – деп жазды Асхат Алагөзов Facebook парақшасында. Яғни балаларды зорлау, сондай-ақ, әйелдерді зорлап, өлтіргені үшін өлім жазасын енгізу туралы сөз болып отыр.







