Бүгінгі жарыс күнінде біздің спортшылар тамаша нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды!
• Қалмаханбет Нұрасыл — 87 кг салмақ дәрежесінде керемет белдесулер өткізіп, III орын иеленді.
• Жарылқасын Саят — 77 кг салмақ дәрежесінде үздік өнер көрсетіп, II орын алды.
Бұл жетістіктер — табанды еңбектің, қажырлы дайындықтың және жеңіске деген ерік-жігердің жемісі!
Сонымен қатар, командалық есепте жалпы II орынға ие болдық.
Аталған нәтижелерге жетуде спортшыларымыздың жанында болып, бағыт-бағдар берген орталықтың аға жаттықтырушысы Даулбаев Нұрлыбекке ерекше алғыс білдіреміз.
Спортшыларымызды шын жүректен құттықтаймыз! Алда әлі талай жеңістер мен биіктер бар деп сенеміз!







