Ағымдағы жылдың 4-7 мамыр аралығында Сарысу ауданы, Жаңатас қаласында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай, ҰОС және “Еңбек” ардагері Әшім Қосыбайұлын еске алуға арналған жасөспірімдер арасындағы дәстүрлі VIII республикалық ашық турнир өтті.
Бұл додаға 2010-2011 және 2012-2013 жылы туған жас спортшылар қатысты.
№10 БЖСМ-нің грек-рим күресі бөлімінің балуандары жүлделі орындарға ие болды:
• Кәрібай Ержігіт – 27 кг, «Жас палуан» атағы
• Арыстанбек Ақжүрек – 44 кг, III орын
• Самат Әлинұр – 39 кг, II орын
Жас балуандардың жаттықтырушысы – Қыдыров Бекзат.






