Іс-шаралардың барысында әдеп кодексі, мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану тәртібі, мемлекеттік қызмет атқарумен байланысты шектеулерді, әлеуметтік кепілдіктердің (еңбек демалысын беру, іссапар шығындарын төлеу және т.б.) сақталуы және қашықтықтан жұмыс, аралас қашықтықтан жұмыс және икемді жұмыс уақыты режимінде жұмыс істеу, мемлекеттік органдардың жұмыс уақыты режимін сақтауына мониторинг жүргізу мәселелері түсіндірілді.
Одан бөлек, мемлекеттік қызметшілердің ойын мекемелеріне баруы немесе құмар ойындарға/бәс тігуге қатысуына тыйым салынатындығы ескертілді.
Дәрістер барысында қатысушылардың тарапынан туындаған сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді.







