• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Ербол Қарашөкеев жамбылдықтарды Білім мерекесімен құттықтады

01 қыркүйек 2025 13:29 Көру саны:5 Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Тараз қаласындағы №66 орта мектепте өткен 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты іс-шараға қатысты.

01.09.2025
0
Ербол Қарашөкеев жамбылдықтарды Білім мерекесімен құттықтады
35
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Жиында алғашқы қоңырау соғылып, өнерлі өрендердің ән-шашуы мен мерекелік қойылымдары көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Өңір басшысы ұстаздарды, оқушыларды, ата-аналарды және барша білім саласының жанашырларын жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, ізгі лебізін білдірді.

– Ұлы Абай «Ғылым таппай мақтанба» деп, адамзаттың кемелдікке бастайтын жолы – білім мен ақыл-парасат екенін меңзесе, Ахмет Байтұрсынұлы «Мектеп – баланың келешегіне ашылған алтын қақпа» деп, білім ошағының маңызын терең түсіндірген. Осы ұлы тұлғалардың өсиетін ту ете отырып, балаларды сапалы білім мен саналы тәрбиеге баулу – баршамыздың ортақ міндетіміз, – деді облыс әкімі.

Ербол Қарашөкеев өз сөзінде өскелең ұрпаққа артылар сенім мен үміттің зор екенін атап өтті. Ол балаларға оқуда озат, еңбекте тиянақты, өмірде табанды болуға тілек білдірді.

– Ұстаз – ұрпақ тәрбиесінің алтын діңгегі, мектептің жүрегі. Мемлекет басшысы мұғалімдерге артылған сенім мен жауапкершіліктің маңызын үнемі ерекше атап өтеді. Әлемде сан түрлі мамандық бар. Бірақ ұстаздық – жүрек жылуын төгіп, рухани биікке бастайтын қасиетті қызмет. Мамандыққа адалдық танытып жүрген ұстаздарға шын жүректен алғысымды білдіремін! – деді аймақ басшысы.

Сондай-ақ облыстағы білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасы жүйелі түрде нығайтылып келе жатқанына да тоқталды. Жаңа білім беру нысандары бой көтеріп, үш ауысымды, апатты жағдайдағы және оқушы орны тапшы мектептердің мәселелері кезең-кезеңімен шешіліп жатқанын жеткізді.

Қазіргі таңда 26 білім беру нысанының құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін 10 жаңа мектеп пен 5 мектептің жапсарлас ғимаратының құрылысы аяқталады. Қалған 11 нысан 2026 жылы толық пайдалануға берілмек.

Президент тапсырмасына сәйкес өңірде 66 мектепті қайта жаңғырту міндеті тұр. Биыл 10 білім ошағында ауқымды жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Шара барысында облыс әкімі «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында бой көтерген білім ошағын аралап көрді.

Сондай-ақ 1-сынып оқушыларымен кездесіп, бүлдіршіндергі ақ жол тіледі.

Тегтер: Жамбыл облысы

Танымал жаңалықтар

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (2 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (2 бөлім)

09.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

09.07.2026
0

Отбасы – қоғамның алтын діңгегі: Қазақстандағы отбасылық құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?

Отбасы – қоғамның алтын діңгегі: Қазақстандағы отбасылық құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?

10.06.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский