«28 шілдеде Алматыда, түнде Атырауда қолайсыз метеорологиялық жағдайға байланысты ауа ластанады», — деп жазылған хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай — ауаның беткі қабатында зиян заттар шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жел, тұман) жиынтығы.
Айта кетейік, 28 шілдеде Алматыда көшпелі бұлтты болады, күндіз аз ғана жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде ауа температурасы 23-25 градус, күндіз 33-35 градус болады.