Жамбыл облысы ТЖД пультіне Қордай ауылындағы жанармай құю бекетінде жеңіл автокөліктің өртенуі туралы хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнына дереу ТЖМ күштері мен құралдары жетті. Оқиға орнына келген кезде жеңіл автокөлік пен үш жанар май құю колонкасын жалын шарпығаны анықталды.
Өрт сөндірушілердің үйлесімді және жедел әрекеттерінің арқасында өрт дер кезінде оқшауланып, толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.
ТЖМ жанармай құю бекеттерінде қауіпсіздік шараларын сақтаудың маңыздылығын ескертеді: абай болыңыздар және өрт қауіпсіздігі талаптарын ескерусіз қалдырмаңыздар.
Жамбыл облысы ТЖД







