• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
12.11.2026, 22:29
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Бектенов Қазақстан машина жасаушылары форумында Президенттің құттықтау сөзін оқыды

Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстан машина жасаушыларының XII форумына қатысып, машина жасау және металл өңдеу бойынша VI Халықаралық арнайы көрмеде индустрия көшбасшыларының жетістіктерімен танысты.

Turan Redaktor Turan Redaktor
24.04.2025, 15:34
Қазақстан жаңалықтары
Бектенов Қазақстан машина жасаушылары форумында Президенттің құттықтау сөзін оқыды
64
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

 

Форумның ашылуында Премьер-министр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау сөзін оқыды. Еліміздің орнықты экономикалық өсуіндегі машина жасау саласының рөліне ерекше назар аударылды.

«Қазақстанның өңдеу өнеркәсібіндегі машина жасау саласының үлесі соңғы бес жылда 13-тен 19 пайызға дейін өсті. Былтыр өндіріс көлемі 4,6 триллион теңгеге жетті. Жаңа өнім түрлері шығарылып, тауар экспорты да айтарлықтай артты. Ел нарығына ауыл шаруашылығы техникаларын,  автобустар, жеңіл және жүк көліктерін жасайтын жаңа компаниялар келді. Биыл Қазақстанда әлемдегі ірі компаниялардың жоғары технологиялы кәсіпорындары іске қосылады. Мұның бәрі – мемлекеттің отандық өндірісті қолдауға қатысты жүйелі  шараларының жемісі.

Машина жасау ісін одан әрі өркендете түсу үшін жергілікті өндірістің үлесін арттыру және озық технологияларды, соның ішінде жасанды интеллектіні жаппай енгізу қажет. Сонымен қатар жұмысшыларға жайлы әрі қауіпсіз еңбек жағдайын жасау, білікті мамандар даярлауға және олардың біліктілігін көтеруге жете көңіл бөлу маңызды.

Экономикалық тұрақсыздық жағдайында болашағы зор салалар мен бағыттарды дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашылады. Еліміздің машина жасау саласы бүкіл экономикамызды өркендетуге тың серпін беру үшін өз әлеуетін толық іске асыра алады деп сенемін», — деп атап өтілген құттықтау хатта.

2024 жылдың қорытындысы бойынша машина жасау саласындағы өндіріс көлемі 10%-ға өсті. Осы жылдың I тоқсанында аталған көрсеткіш 17%-дан асты, бұл саланың жоғары әлеуетін және қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін көрсетеді.

Пленарлық отырыста машина жасау кәсіпорындарын қолдау, локализациялауды тереңдету, жаңа технологиялық үдерістерді игеру шаралары, сондай-ақ машина жасау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың келешегі талқыланды.

Пленарлық отырысқа қатысушылар бірқатар өзекті мәселе көтерді. Karlskrona LC AB бас директоры Талғат Алпысбаев саладағы өзгерістерді талап ететін негізгі аспектілерді – отандық шикізатқа қолжетімділік және ұзақмерзімді қаржыландыру мәселелерін атап өтті. Шикізат ресурстарын бөлу тетіктерін заманауи әрі технологиялық жобаларды жүзеге асыратын кәсіпорындар үшін жеңілдікпен несиелеу мүмкіндіктерін кеңейтуге және ішкі өңдеуге басымдық бере отырып, қайта қарау бойынша ұсыныстар айтылды.

Hyundai Motor Company бас менеджері Ан Джунмо компанияның Қазақстандағы локализациялауды әрі қарай дамыту жоспарлары туралы айтты.

Қытайдың Халықаралық сауданы қолдау комитеті Машина жасау комитетінің вице-президенті Чжоу Хаймин негізгі компоненттерді локализациялау арқылы жоғары технологиялы машина жасау өнімдерін шығаратын бірлескен өндірістер құруға инвестиция салу бойынша қытайлық компаниялардың жоспарларымен бөлісті.

Форумның пленарлық отырысы барысында өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев, Қазақстан машина жасаушылар одағының басқарма төрағасы Мейрам Пішембаев, KUKA AG компаниясының аға вице-президенті Дмитрий Капишников өз пікірлерін білдірді.

Үкіметтің баспасөз қызметі

Тегтер: FORUMҚасым-Жомарт ТоқаевҚР ПРЕЗИДЕНТІҚР Премьер-Министрімашина жасау саласыОлжас Бектенов
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Қазақстандағы екі ірі компанияның басшылары ұсталды

Қазақстандағы екі ірі компанияның басшылары ұсталды

12.11.2026, 12:21
Адам құқығына назар аудару неден басталады

Адам құқығына назар аудару неден басталады

11.11.2026, 16:33
Қазақстанда жалақы салығын есептеу жеңілдейді

Қазақстанда жалақы салығын есептеу жеңілдейді

09.11.2026, 13:03
ЮНЕСКО тізімдері қазақстандық жаңа рухани құндылықтармен толығуда

ЮНЕСКО тізімдері қазақстандық жаңа рухани құндылықтармен толығуда

08.11.2026, 12:36
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

138 stem-кабинеті және 10 IT-хаб: «Әділет» партиясының білім беру бағытындағы жоспарлары таныстырылды

12.11.2026, 20:07

Рысбеков Ескендір Нұрдәулетұлы: «Халық сенімі – менің басты жауапкершілігім!»

12.11.2026, 16:28

Вице-министр жолаушыға медициналық көмек көрсетті

12.11.2026, 14:58

Қазақстандағы екі ірі компанияның басшылары ұсталды

12.11.2026, 12:21

«Жазушымен бір күн» жобасы Берік Шаханұлының шығармашылығына арналды

12.11.2026, 10:51

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына үміткерлер анықталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қалалық мәслихатына 88 үміткер тіркелді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына «Әділет» партиясы» тізіміне кімдер енді?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.