• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 15:41
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Облыстық әкімдікте бала құқы талқыланды

Облыстық кәмелетке толмағандардың істері мен олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кеңейтілген отырысына қатысушылардың ұсыныс-пікірі осыған саяды.

turan_admin turan_admin
12.12.2024, 12:37
Облыс жаңалықтары
Облыстық әкімдікте бала құқы талқыланды
111
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter
Кез келген мемлекеттің ертеңгі мықты тұғыры – бүгінгі жас ұрпақ. Ендеше, сол ұрпақтың тәлімді де тәрбиелі болуына ерен еңбек сіңіру – алдыңғы буын өкілдерінің негізгі міндеті. Бұл жөнінде еліміз егемендікке қол жеткізген елең-алаң шақтан бері айтылып та жүр. Алайда, айту бөлек, ал оның мән-мағынасына терең бойлаудың жөні тіпті басқа. Рас, біздің елде бала құқықтары туралы әлемдік конвенцияға ерекше мән беріліп, соның талаптарының аясында жүйелі жұмыс жүргізілуде. Соның аясында бала құқығын қорғау ісіне, жетім және ата-анасының қарауынсыз қалғандардың құқықтарын қорғауға айрықша көңіл бөлініп, ауқымды шаралар легі нақтыланды. Әсіресе, жауапты тұлғаларға балалар үйінде тәрбиеленушілер санын мүмкіндігінше қысқарту, ондағы жұмысты тиімді ұйымдастыру мен балалар туралы ұлттық деректер қорын құру жөнінде тиісті тапсырма берілді. Аталған жиынға облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов арнайы қатысты.

Осы ретте отбасы институтын жетілдіру, оның тірлігін нығайтудың маңызы зор екені анық. Дәл осы тірлікті тиянақты іске асырған жағдайда әр аймақта айрандай ұйыған отбасы қалыптасатыны түсінікті. Ал, жақсы отбасыдан жат мінез ұрпақ өсіп шықпайтыны ақиқат. Бұл тұста балалар үйі мен арнайы орталықтардың жұмысын заманға сай ұйымдастырып, қалыптастыра қолға алынғаны дұрыс. Ал, арнайы орталықтардан бала асырап алуға ниет білдірген ата-аналарды алдын ала дайындау, қиын жағдайға тап болған отбасыларды анықтау, себебін біліп, салдарын жою – айналып келгенде ел келешегі саналатын ұрпақты кемел өсірудің алғышарттары. Облыстық кәмелетке толмағандардың істері мен олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кеңейтілген отырысына қатысушылардың ұсыныс-пікірі осыған саяды.

Жиын барысында ең әуелі сөз алған облыстық «Анаға тағзым» отбасын қолдау орталығының» директоры Эльмира Мырза-Ғали бала құқығын қорғау ісінде ата-ананың, қоғамдық ұйымдардың, арнайы орталықтар мен жеке тұлғалардың атқарар жұмысы аз емес екенін атап өтті. Ол өз сөзінде болашақта ел тірегі болар жас өскіндерді қолдау, олардың қалыптасу жолында құқықтарын қорғау – баршаның міндеті екенін жеткізді. Айта кетейік, бүгінгі таңда Тараз қаласы мен Байзақ, Жуалы және Жамбыл аудандарындағы арнайы орталықтар тіркеуден өтіп үлгерді. Қазіргі күні аталған орталықтар орналасатын ғимараттары анықталып, қызметін ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде.

Еске салсақ, кейінгі жылдары елімізде Юнисеф, халықаралық Қызыл Крест ұйымы мен басқа да халықаралық ұйымдар балалардың құқықтарын қорғау, білім алу және денсаулық сақтау саласында түрлі жобаларды жүзеге асыруда. Өз кезегінде бұл ынтымақтастық аясында балалардың құқықт арын қорғау үшін жаңа мүмкіндіктер мен ресурстар ашылуда. Бұдан бөлек, әлемдік тәжірибеге иек артқан құзырлы орган өкілдері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізуде. Тәртіп сақшылары аналар мен балалар мәтіндік хабарламалар мен түрлі форматтағы медиафайлдарды алмасу мақс атында сақ болуға шақырады. Олардың сөзінше, Telegram каналы арқылы қосымша сайттар мен түрлі ойындарға кіріп кететіндердің хабары көбейген.

Басқосу барысында облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Бауыржан Жанаев ата-аналар мен балалардың смартфондарынан осынау жүйені алып тастау бойынша алгоритм дайындаудың маңыздылығына тоқталды. Айтуынша, TikTok әлеуметтік желісінде жеке аккаунттармен және авторлар қауымдастығымен балаларға арналған құқықтық тәрбие аясында түрлі бейнехабарлар әзірленуі тиіс. Сондай- ақ, ол жасөспірімдердің өз ойын ашық білдіруіне және олардың аудиториямен байланыс орнатуына қолайлы жағдай жасау қажеттігін баса айтты.

Тегтер: Бала құқыоблыс әкімдігіСерік Сәлемов
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.