• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 19:18
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Бектенов жерде сирек кездесетін металдар саласын дамыту жөнінде кеңес өткізді

Олжас Бектенов Президент Жолдауын жүзеге асыру аясында сирек және жерде сирек кездесетін металдар саласын дамыту жөнінде кеңес өткізді.

Turan Redaktor Turan Redaktor
14.11.2024, 15:54
Қазақстан жаңалықтары
Бектенов жерде сирек кездесетін металдар саласын дамыту жөнінде кеңес өткізді
60
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауында айтылған тапсырмасын орындау мақсатында сирек және жерде сирек кездесетін металдар саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Саланы дамыту Қазақстанның әлемдік нарықтағы позициясын нығайтуға, технологиялар мен капитал тартуға, сондай-ақ экономиканың жаңа секторларындағы жеткізу тізбегіне қатысуды кеңейтуге мүмкіндік береді.

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев ағымдағы жағдай мен қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады, сондай-ақ «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ, «Ұлттық технологиялық болжау орталығы» РМК компанияларының басшылары баяндама жасады.

Қазақстанда бериллий, скандий өндіретін әлемдегі толық циклді үш зауыттың бірі, тантал мен ниобий өндіретін жаһандық төрт өндірістің бірі орналасқан. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәлімдеуінше, еліміздің металлургия зауыттарында висмут, сүрме, селен және теллурид өндіріледі, алюминий тотығынан галлий, полиметалл шикізатынан индий алу технологиясы бар. Биылғы қараша айында Алматы облысындағы қуаты 3,3 млн тоннаға дейін жететін Бұғыты кен орнында вольфрам концентраты өндірісі іске қосылды. Жобаға салынған инвестицияның жалпы құны $350 млн-ды құрады.

Премьер-министрге сондай-ақ вольфрам кенін игеру және шикізатты аммоний паравольфрамат дайын өніміне дейін өңдеуді тереңдету, магниттер өндірісі бойынша кластер құру саласындағы перспективалы жобалар бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс туралы баяндалды.

Батарея материалдарын, тұрақты магниттерді өндіру, ресайклинг әдісі және ыстыққа төзімді қорытпаларды өндіру секторларын дамытуға назар аударылды. Қажетті металдарды өндіру және қайта өңдеу бойынша жобалар іске асырылуда. Мәселен, әлемдегі ең ірі Сарытоған кен орындарының бірінде дайын өнімге жеткізумен графит концентратын өндіру жоспарлануда. 2024 жылдан бастап Қазақстанда марганец сульфаты моногидраты шығарылады, ол әлемдік нарықтың 5%-ын қамтиды. Сондай-ақ Германияның Bergbau AG компаниясымен литий кен орындарын игеру бойынша жобалар іске асырылуда, Кореяның KIGAM институты Шығыс Қазақстан облысында литийге геологиялық-геофизикалық зерттеулер жүргізуде. Сонымен қатар рений, тантал, вольфрам, никель және кобальт металдары негізінде реактивті авиақозғалтқыштар құнының 50%-на дейін құрайтын ыстыққа төзімді никель қорытпаларын өндіру жоспарлануда. Бүгінгі таңда елімізде авиақозғалтқыш қалақтарының сынықтарын қайта өңдеу жолға қойылған.

Олжас Бектенов қазақстандық компаниялардың геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу, оның ішінде инвестицияларды одан әрі тарту үшін техникалық-экономикалық негіздемелерді әзірлеу бөлігіндегі әлеуетін атап өтті. Мұндай тәсіл Қазақстанның сирек және жерде сирек кездесетін металдарының әлемдік өндірісіндегі үлесін кеңейтуге мүмкіндік береді. Премьер-министр Үкімет отандық ғылыми-зерттеу институттары мен өндірушілерге қолдау көрсететінін атап өтті. Сирек және жерде сирек кездесетін металдар өнеркәсібін дамыту отандық қаржы институттарының белсенді қатысуын талап етеді. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне «Бәйтерек» холдингімен бірлесіп, шикізат өндіруден бастап терең өңделген өнім шығаруға дейінгі өндірістік тізбектің толық циклі бар кластер құру үшін модель әзірлеу тапсырылды. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне Ұлттық геологиялық қызмет базасында халықаралық аккредиттелген зертхана құру мәселесін пысықтау жүктелді, бұл қазақстандық кәсіпорындарға жоғары әлемдік стандарттарға сәйкес болуға мүмкіндік береді.

Үкіметтің баспасөз қызметі

Тегтер: КЕҢЕСҚР Премьер-МинистріОлжас Бектеновсирек кездесетін металл
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Елордада жамбылдық креаторлардың жәрмеңкесі өтуде

Елордада жамбылдық креаторлардың жәрмеңкесі өтуде

05.09.2026, 15:50
Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

05.09.2026, 18:12

Елордада жамбылдық креаторлардың жәрмеңкесі өтуде

05.09.2026, 15:50

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.