• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Жер қойнауын заңсыз пайдалану. Облыста мобильді топ құрылады

Жамбыл облысында жер қойнауын заңсыз пайдаланудың алдын алу мақсатында мобильді топ құрылады

01.08.2024
0
Жер қойнауын заңсыз пайдалану. Облыста мобильді топ құрылады
64
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Жамбыл облысында жер қойнауын заңсыз пайдаланудың алдын алу мақсатында іс-шаралар жоспары әзірленді. Облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен кеңесте аталған жоспардың алгоритмі қаралып, іске асыру барысы талқыланды.

Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Олжас Баққараев көлеңкелі экономикамен күрес, оның ішінде жер қойнауын пайдаланудағы заңсыз әрекеттер туралы баяндады.

Өңірде барлығы 289 жер қойнауын пайдалану обьектісі бар. Атап айтқанда, қатты пайдалы қазбаларды барлауға және өндіруге арналған 110, кең таралған пайдалы қазбалар бойынша 179 келісімшарт пен лицензия бар.

Ағымдағы жылы келісімшарттағы ішінара міндеттемелерді орындамаған 38 жер қойнауын пайдаланушыға бұзушылықты жою туралы хабарлама жіберілді. 11 жер қойнауын пайдалану келісімшарты, лицензиясы мен рұқсаты кері қайтарылды.

Басқарма басшысының айтуынша, жер қойнауын заңсыз пайдаланудың алдын алу бағытындағы жұмыстарды жүйелеп, арттыру мақсатында арнайы іс-шаралар жоспары әзірленді.

Жоспарға сәйкес Тараз қаласы мен аудандарда мобильді топ құрылады. Топ мүшелері жер қойнауын заңсыз пайдалану фактілеріне күнделікті мониторинг жүргізіп, құқық бұзушылықтарды анықтайды. Жер қойнауына келтірілген залал, заң бұзушылықтар анықталған жағдайда құзырлы органдар заң талаптарына сәйкес тиісті шаралар қолданады.

Топ құрамына ауылдық округ әкімі, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімдерінің жауапты мамандары, ішкі істер департаментінің өкілдері және қоғам белсенділері кіреді.

Ербол Қарашөкеев жер қойнауын пайдалану бойынша кәсіпкерлермен жасалған келісімшарттағы міндеттемелердің орындалуына толық талдау жүргізуді, заңсыз жер қойнауын пайдалануды анықтайтын мобильді топтарды құру жұмыстарын жеделдетуді тапсырды. Сонымен бірге жер қойнауын заңсыз пайдаланып жүрген тұлғаларға қатаң шара қабылдап, ұсынылған іс-шаралар жоспарын бір апта мерзімде қайта қарап, ұсыныстар беруді сұрады.

Басқосуда күн тәртібіндегі мәселе бойынша облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров, облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Қанат Сматов, мамандандырылған табиғат қорғау прокурорының міндетін атқарушы Сағынтай Айтжанов, геология инспекциясының басшысы Асқар Құндызбаев, Шу-Талас бассейндік инспекциясы басшысының орынбасары Нұрболат Рахымбердиев сөз сөйледі.

Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Тегтер: Ербол ҚарашөкеевЖамбыл облысыжер қойнауын пайдаланузаңсыз әрекетмобильді топ

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

01.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты