• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Жаңатастағы жағдай аймақ басшысының бақылауында

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Жамбыл облысында ауқымды шаралар ұйымдастырылуда. Бүгін Жаңатас қаласында еріктілердің қатысуымен тазалық шаралары атқарылды.

11.07.2024
0
Жаңатастағы жағдай аймақ басшысының бақылауында
40
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Облыс әкімінің бастамасымен өткен шара барысында әр ауданнан келген 200-ге жуық ерікті-жастар Жаңатас қаласында орын алған су тасқынынан бүлінген аумақтарды тазалауға, реттеуге атсалысты.

— Қайырымдылық – халқымыздың қанында бар қасиет. Ежелден жұрт болып жұмылып, ағайын-бауырларға қол соза білген елміз. Осындай игі істің жанынан табылу ерлік деп білемін — деп атап өткен облыс әкімі жастардың жалынды бастамасына алғыс білдірді.

Сондай-ақ аймақ басшысы Ербол Қарашөкеев аудандағы төтенше жағдай салдарын жою шараларын бақылауға алып, су басқан баспаналар мен аулаларды аралап, тұрғындардың жағдайымен танысты. Олардың пікірлері мен ұсыныстарын тыңдап, назарға алды.

Облыс әкімі мемлекет тарапынан барлық көмектер көрсетілетінін, зардап шеккен тұрғындардың ешқайсысы қолдаусыз қалмайтынын жеткізді. Жауаптыларға бүлінген нысандарды техникалық тексеру, бағалау, шығын көлемін анықтау жұмыстарын жүйелі түрде, тездетіп жүргізуді тапсырды.

Бұдан бөлек, Ербол Қарашөкеев Жаңатас-Саудакент автожолының су тасқынынан кейінгі жағдайын көрді. Бір апта ішінде облыстық маңызы бар жолды қалпына келтіру керектігін ескертті.

Еске сала кетейік, 7 шілде күні Сарысу ауданы аумағында қатты жауын-шашын салдарынан көлбеу ағын қалыптасып, 400 аула, 47 жеке тұрғын үй мен бір мектептің жертөлесін су басқан болатын.

Жедел қабылданған шаралар нәтижесінде төтенше жағдай департаменті мен жергілікті атқарушы органдар суды бұру және айдау, сондай-ақ арық желісін нығайту жұмыстарын жүргізді.

Жалпы, 20 100 текше метр су сорылды. Жалпы, оқиға орнына 300-ге жуық қызметкер, 67 техника, 39 мотопомпа, 1 су сорғыш құрал жұмылдырылды.

Сарысу ауданында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланып, қазіргі таңда арнайы құрылған комиссиямен шығындарды есептеу жұмыстары жүруде.

Тегтер: ЖаңатасКөлбеу ағынТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

01.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты