Байзақ ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұсынған мәліметіне сүйенсек, өткен жылы аудан бойынша 3397 мүгедектігі бар адамдар тіркелген. Оның ішінде: І топтағы мүгедектігі бар адамдар – 270 адам, ІІ топтағы мүгедектігі бар адамдар – 1339 адам, ІІІ топтағы мүгедектігі бар адамдар – 1240 адам және 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар – 548 адамды құрайды.
Мүгедектігі бар адамдардың абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес, мұқтаждығы бар мүгедек азаматтарды міндетті гигиеналық құралдармен қамту, оларға техникалық көмекші құралдар және ымдау тілі мамандарының қызмет көрсетуі, жеке көмекшілермен қамтамасыз ету бағдарламасы, санаторлық-курурттық қызметі бойынша 2023 жылы 1057 адамнан 1746 құралдар мен қызметтерге өтініш қабылданып, оның 1743-інің өтініші толық қанағаттандырылды. Демек жұмыстың орындалуы 99,9 пайызды құрайды.
Ал, 2024 жылдың 1 сәуіріне 3625 мүгедектігі бар адамдар тіркелген. Оның ішінде: І топтағы мүгедектігі бар адамдар – 285 адам, ІІ топтағы мүгедектігі бар адамдар – 1381 адам, ІІІ топтағы мүгедектігі бар адамдар – 1411 адам және 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар – 548 адамды құрайды.
Мүгедектігі бар адамдардың абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес, мұқтаж мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен техникалық көмекші құралдар және ымдау тілі мамандарының қызмет көрсетуін, жеке көмекшілермен қамтамасыз ету бағдарламасы, санаторлық-курурттық қызметі бойынша жыл басынан жалпы 468 адамнан 1016 міндетті гигеналық және техникалық орын толтырушы көмекші құралдар мен қызметтер бойынша өтініш тіркеліп, 723 міндетті гигеналық және техникалық орын толтырушы көмекші құралдар мен қызметтермен қамтылды. Жұмыстың орындалуы 71,2 пайызды құрайды. Жыл соңына дейін аббилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасының орындалу деңгейін 99,9 пайызға жеткізу жоспарлануда. 2023 жылы 1746 құралға өтініш қабылданып, 1743 құралмен қамтылған еді. Жұмыстың орындылауы 99,9 пайызды құрады.
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бағдарламасы бойынша, Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінің 24 әлеуметтік қызметкерлері, қызметтің тұрмыстық, медициналық, психологиялық, педагогикалық, мәдени, экономикалық, еңбек, құқықтық сынды 8-түрін көрсетуде.
2023 жылы 143 адамға үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілді. Оның ішінде: мүгедектігі бар бала -82 адам, 18 жастан мүгедектігі бар -23 адам және жалғызілікті қарт -38 адам.
Ал, 2024 жылы 134 адамға үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілді. Оның ішінде: мүгедектігі бар бала -77 адам, 18 жастан мүгедектігі бар -23 адам және жалғызілікті қарт -34 адам.
Арнаулы әлеуметтік қызметтер бойынша:
2023 жылы 133 өтініш (о.і. 54-үйде күтім көрсетуге, 79 өтініш стационар және жартылай стационар жағдайында), 2024 жылы 54 өтініш (о.і. 22 -үйде күтім көрсетуге, 32-стационар және жартылай стационар жағдайында) арнаулы әлеуметтік қызмет алуға қабылданды.
Сонымен қатар, бөлімде бекітілген кестеге сәйкес әлеуметтік қызметкерлердің біліктілігін арттыру, тәжірибе алмасу мақсатында семинар-кеңестер өткізіліп тұрады.
Ағымдағы жылдың ақпан айында бекітілген кестеге сәйкес 2023 жылғы 29 маусымдағы №263 бұйрығымен таныстыру мақсатында кеңесші-маман А.Смайлова «Халықты әлеуметтік қорғау саласында үйде арнаулы қызметтер көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартының әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық қызметтері туралы» қызмет түрімен және әлеуметтік қызметкер Г.Данекулова «Мүгедектігі бар балаларға көрсетілетін әлеуметтік-медициналық және педогогикалық көмектің жаңа жолдары» бойынша тәжірбие алмасу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Наурыз айында әлеметтік қызметкер С.Тоғызбаева «Халықты әлеуметтік қорғау саласында үйде арнаулы қызметтер көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартының әлеуметтік-психологиялық әлеуметтік-педогогикалық қызметтері туралы» қызмет түрімен және әлеуметтік қызметкер «М.Джурабаева «Отбасындағы зорлық және зомбылықсыз өмірдің принциптері» туралы тренинг, қолөнерден ұсақ моториканы дамытуға арналған дидактикалық ойыншық-құралдарын жасау жолдарымен бөлісті.
Мемлекеттік әлеуметтік әріптестік шеңберінде жүргізілетін бағдарламалар бойынша Мемлекеттік сатып алу Заңына сәйкес «Әлеуметтік әріптестік шеңберінде» үкіметтік емес ұйымдар тарапынан мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы ұсынылатын қызметтер үшін, аудан аумағы бойынша 1 топтағы мүгедектерді, 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі жандарды және ҰОС ардагерлері мен оларға теңестірілген соғыс ардагерлерін тасымалдайтын инватакси қызметі және психоневрологиялық аурумен ауыратын және тірек-қимылы бұзылған мүмкіндігі шектеулі 4 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға 25-30 орындық жартылай стационар жағдайында биімдеу және оңалту қызметі көрсетілуде.
Аудан бойынша барлығы 825 (отбасы) адамға (мүгедектігі бар адамдар мен
18 жасқа дейінгі балалар, жалғызілікті қарттар, аз қамтылған отбасылар, Көпбалалы отбасылар және жалғыз басты аналар) мереке күндеріне орай іс-шаралар ұйымдастырылып, демеушілер есебінен (сыйлықтар, азық-түлік себептер, гигиеналық құралдар және т.б.) жалпы 5233,0 мың теңге көлемінде көмектер көрсетілді.
Сонымен қатар, Мырзатай ауылының тұрғыны Халимов Алик Насиевичке І топ мүмкіндігі шектеулі адам және Көктал ауылының тұрғыны Каримов Серикке І топ мүмкіндігі шектеулі адам, демеушілер тартылып, қажеттілігіне байланысты кресло-арбалар сатып алып берілді.
Ал, 2024 жылы «Алғыс айту күні», «8-наурыз» мереке күндері жалпы 652 отбасыға (66-мүгедектігі бар адамдар, 92-аз қамтылған отбасылар, 368-көп балалы отбасылар, және 126-жалғыз басты аналар, жалғызілікті қарттар мен зейнеткерлер) жалпы 4557,0 мың теңгеге азық-түлік себептері таратылып, құтықтау іс-шаралаы ұйымдастырылды.
14-23 онкүндік Наурыз күніне орай 134 отбасыға (46-мүгедектігі бар адамдар, 35-аз қамтылған отбасылар, 43-көп балалы отбасылар, және 10-жалғыз басты аналар, жалғызілікті қарттар мен зейнеткерлер) жалпы 768,0 мың теңгеге азық-түлік себептері таратылып және «AMANAT» кітапханасында «Наурыз» мерекесіне орай бөлімнен қызмет алатын ерекше балалардың ата-аналарына арналған
«ӘЗ-НАУРЫЗ» атты іс-шара өткізілді. Ата-аналарға мерекелік дастархан жайылып, К.Әзірбаев атындағы балалар саз мектебінің концерттік бағдарламасын тамашалап, сыйлықтар табыс етілді.
Бүгінгі таңда аймақта мүмкіндігіні шектеулі ерекше азаматтар мен денсаулығында қандай да бір мәселесі бар жандарға қолайлы орта қалыптастыру мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын толық сеніммен айта аламыз.
Мақала Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының ақпараттық саясаты тапсырысы негізінде жарияланды