• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
23.11.2026, 11:45
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

«ҚАЖЫЛЫҚ-2024» ТУРОПЕРАТОРЛАР ТІЗІМІ ЖАРИЯЛАНДЫ

ВИЗАСЫЗ ҚАЖЫЛЫҚ ЖАСАУҒА ҚАТЫСТЫ САУД АРАБИЯСЫ ҚАЖЫЛЫҚ ЖӘНЕ ҰМРА МИНИСТРЛІГІНІҢ МӘЛІМДЕМЕСІ

turan_admin turan_admin
03.05.2024, 23:49
Азаматтық қоғам институттары, Қазақстан жаңалықтары
624
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Сауд Арабиясы Корольдігінің Қажылық және ұмра министрлігі қажылық рәсімдері тек қажылық визасы арқылы ғана өтелетіндігі туралы 26 сәуір күні арнайы мәлімдеме жариялады.

Қажылық визасы Сауд Арабиясының Қажылық және ұмра министрлігі тарапынан әр елдің дін саласына өкілетті мемлекеттік органдарына немесе ресми Исламдық діни басқармаларға (Мүфтият) ғана тиісті талаптар мен тәртіпке сай беріледі.

Сондай-ақ Мәлімдемеде қажылық рәсімдерін орындағысы келетін азаматтарды әлеуметтік желілер арқылы қызметтерін жарнамалап жүрген, қажылық маусымын ұйымдастыруға заңды құқығы жоқ компаниялардан сақ болып, олардың қызметтеріне жүгінбеуге кеңес берілді. Сонымен қатар Қажылық және ұмра министрлігі ұмра, туристік, жұмыс, отбасылық сапарлар, транзит және визалардың басқа түрлері қажылық рәсімдерін өтеуге құқық бермейтіндігі жөнінде баса айтты.

Өз кезегінде Діни басқарма қажылық және ұмра саласында қызмет көрсететін тәжірибелі туроператорлар арасында адал әрі әділ бәсекелестікке қол жеткізу және қажыларымызға қолайлы жағдай жасау мақсатында 2024 жылы қажылықпен айналысуға үміткер туристік операторлар арасында конкурс жариялаған. Нәтижесінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ашық конкурстан өткен 16 қазақстандық туроператорға 2024 жылғы қажылық маусымында отандастарымызға тиісті қызмет көрсетуге ресми рұқсат берді.

Сонымен қатар «Қажылық-2024» маусымына 16 туроператор және осы туроператордың бірімен субагенттік келісімшарт құрған 19 турагент  Сауд  Арабия тарапынан болған талаптарды толығымен орындап, Қазақстаннан баратын қажылар үшін қаңтар айының соңына дейін төленген қаражат көлеміне сай 5081 қажылық орны берілді.  Биыл қажылық құлшылығына ниет еткен кісілер тек тізімде көрсетілген туроператорлар мен турагенттерден қажылық орындарын брондай алатынын және қажылыққа тіркеу жұмыстары әлі де жалғасып жатқандығын жеткіземіз.

Осы орайда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қажылыққа тізімде көрсетілген тиісті рұқсаты бар компаниялармен бару керектігін ескертеді.

Анықтама: Қажылық маусымында туроператор ҚР азаматтарын сыртқа шығу туризмі саласындағы құқықтары негізінде САК жеріне ҚМДБ бөлген қажылық орындары бойынша ғана азаматтарды алып бара алады. Қажылық орындарынан тыс адам апару екі ел арасындағы қажылық келісімшартын бұзған болып саналады.

Айта кетерлік, заңды қажылық визасынсыз қажылық жасауға қатысты шариғатымыздың көзқарасын білдіретін пәтуалар қабылданған. 2024 жылғы 24 сәуірінде Сауд Арабиясы Корольдігінің Жоғары ғұламалар комитетінің отырысында: «Қажылық визасын алу міндетті, сондықтан қажылық визасын алмай барған адам күнә жасаған болып саналады. Себебі заңсыз жолмен келген қажылар есебінен адамдар саны шектен тыс көп болып, қажылардың қауіпсіздігіне қатер төнеді және олардың ақысына кіріп зиян тигізеді әрі көпшілік мүддесі аяқ асты етіледі» — деп пәтуа жариялады.

Сондай-ақ ҚМДБ жанындағы Ғұламалар кеңесінің шешімі бойынша қажылыққа тек қажылық визасымен және заңды жолмен бару – міндет. Оны қолдан жасау – харам. Қажылық визасынсыз (туристік, студенттік, жұмыс т.б.) қажылық жасау – күнә болып табылатындығы жөнінде шығарған арнайы пәтуасы бар екендігін де еске салып өтеміз.

Биыл Қазақстаннан ресми 5081 адам қажылыққа аттанады. Олар 5-10 маусым аралығында Саудияға барып, 23-28 маусым аралығында елге оралады деп жоспарлануда.

Қорыта айтқанда, дініміздегі 5 парыздың бірі қажылық – жауапты әрі сауапты құлшылық. Сол себепті жоғарыда аталған талаптар мен ережелерді сақтауға және шариғат бекіткен адалдық жолын ұстануға шақырамыз.

Мақала Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының ақпараттық саясаты тапсырысы негізінде жарияланды

Тегтер: ҚАЖЫЛЫҚТУРОПЕРАТОР
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Сот тәуелсіздігі азаматтың құқығын қалай қорғайды

Сот тәуелсіздігі азаматтың құқығын қалай қорғайды

22.11.2026, 12:30
«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында 902 млн доллар бөлінді

«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында 902 млн доллар бөлінді

16.11.2026, 11:55
Кәсіпкерлікке қолдау – экономикалық өрлеудің негізі

Кәсіпкерлікке қолдау – экономикалық өрлеудің негізі

16.11.2026, 11:54
Марат Ирменов ҰҚК төрағасы болып тағайындалды

Марат Ирменов ҰҚК төрағасы болып тағайындалды

16.11.2026, 11:44
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қанатбек Арыстанбеков тұрғындарға тұрақты түрде ашық есеп беруді ұсынды

23.11.2026, 11:00

Ербол Абуталипов Луговой округінде ауыл өнімдерін өңдеу мен өткізуге бағытталған бастамаларды қолдамақ

23.11.2026, 09:34

Ердос Сақпанқұлов Көкдөнен мен Жақсылықтағы су мәселесін аудан деңгейінде көтермек

23.11.2026, 09:00

Асхат Әділханұлы жер дауларына құқықтық көмек пен шаруаларға қолдау көрсетуді ұсынды

23.11.2026, 02:50

Ербол Абуталипов Луговой округінде жолдарды жөндеу мен су желілерін жаңартуды ұсынды

23.11.2026, 02:32

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына үміткерлер анықталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қалалық мәслихатына 88 үміткер тіркелді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Марат Ирменов ҰҚК төрағасы болып тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараздағы тергеу изоляторына жаңа бастық тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

imunify-bot-check
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.