Мексика астанасы Мехико қаласында туристік тікұшақ апатқа ұшырады. Апаттан соң кейін түсірілген видеоларды жергілікті El Heraldo de Mexico басылымы жариялады.
Апат 14 сәуірде қала шетіндегі Койоакан ауданында болған. Жеке тікұшақ авто жөндеу цехының ғимаратына құлаған. Абырой болғанда ғимаратта адам болмаған.
Жарияланған видеолардан оқиға орнында алапат өрт шыққаннын байқауға болады. Ұшу аппаратының бортында екі жолаушы мен ұшқыш болған. Үшеуінде аман алып қалу мүмкін болмаған. Жергілікті прокуратура тергеу шараларын бастады. Әзірге тікұшақтың не себепті құлағаны белгісіз.
🚨 La tarde de este domingo se reportó la caída de un helicóptero en Avenida del Imán ubicada en la alcaldía Coyoacán en la CDMX.
Tras los hechos, la Fiscalía de la capital informó que ya se abrió una carpeta de investigación por el accidente pic.twitter.com/Cz9m4Wv246— El Heraldo de México (@heraldodemexico) April 15, 2024