• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
13.11.2026, 01:31
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Биыл 20 мыңға тарта азамат әскерге шақырылады

Биыл 18 бен 27 жас аралығындағы 20 мыңға тарта қазақстандық Қарулы Күштердің қатарын толықтырады.

Turan Redaktor Turan Redaktor
01.03.2024, 23:21
Қазақстан жаңалықтары
Биыл 20 мыңға тарта азамат әскерге шақырылады
79
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Бұл жайлы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы департаменті бастығының орынбасарлары полковниктер Азамат Досымов пен Фархат Айдарбаев айтып берді.

ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес бірінші наурыздан бастап белгіленген әскери борышын өтеген мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе босатуға негіз жоқ азаматтарды шақыру жөніндегі іс-шаралар басталды. Осы тұрғыда қалалық және аудандық шақыру комиссияларының жұмысы жергілікті атқарушы органдар әкімдері орынбасарларының басшылығымен жүргізіледі.

Биылғы жылдың 30 маусымына дейін Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қатарын 18 бен 27 жас аралығындағы жиырма мыңға тарта қазақстандық толықтырады. Қарулы күштерге 10 000-ға жуық, Ұлттық ұланға – 6 500-ден астам, ҰҚК Шекара қызметіне – 3 000-дай, Төтенше жағдайлар министрлігіне және Мемлекеттік күзет қызметіне – 500-ден аса азаматты шақыру жоспарланған, – деді полковник А. Досымов.

Әскерге шақырылатындарды хабардар ету жеке шақыру қағаздарын үйлеріне және қызметтік мекенжайларына жіберу арқылы жүзеге асырылады.

Департамент бастығының орынбасары полковник Азамат Досымов азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру барынша ашық форматта жүргізіліп жатқанын атап өтті. Әскерге шақыруға қатысты қажетті ақпаратты алу үшін барлық қорғаныс істері жөніндегі департаменттерінде электрондық пошта жәшіктері жұмыс істейді, әлеуметтік желілерде ресми аккаунттар құрылды.

Қорғаныс министрлігінің өкілі азаматтарды сыйақы беріп күмәнді тәсілдермен шақыруды кейінге қалдыру немесе босату мәселелерін шешуге аулақ болудан сақтандырды.

Әскерге шақыруды кейінге қалдыру немесе одан босату қызметтерін азаматтарға жергілікті атқарушы органдар «электрондық үкімет» порталы арқылы ақысыз көрсетіледі. Сайтта egov.kz барлық жергілікті әскери басқару органдарында бұл мәселені шешу кезінде басшылыққа алынатын жадынама бар, – деп хабарлады полковник А. Досымов.

Ақша бопсалаудың, мәселелерді шешуді кешіктірудің барлық жағдайлары бойынша ол Қорғаныс министрлігі мен құқық қорғау органдарының сенім телефондарына хабарласуды өтінді.

Полковник Фархат Айдарбаев одан бөлек мерзімді әскери қызметті дәріптеу барысында мемлекет қабылдаған шараларға тоқталды.

Мерзімді әскери қызметтің тартымдылығын арттыруға бағытталған Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында сарбаздарға «кредиттік демалыс» беру жобасы сәтті жүзеге асырылып келеді. Бүгінгі таңда 2,3 млрд теңге сомасына 6 мыңнан астам әскери қызметшінің төлемдерді кейінге қалдырылды.

Президенттің армияда жұмысшы мамандығын үйрету туралы тапсырмасы іске асырылуда. Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың оқу орталықтарында әскери-есептік мамандықтар бойынша даярлық жүргізіледі. Оқу аяқталғаннан кейін әскери қызметшілер мемлекеттік үлгідегі куәліктер алады. Әскерден кейін осындай мамандық меңгергендердің жұмысқа орналасу мүмкіндігі көбірек. Бұған қоса келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру мүмкіндігі бар, – деді Департамент бастығының орынбасары полковник Ф. Айдарбаев.

Қорғаныс министрлігімен 70-тен астам жоғары оқу орны мерзімді әскери қызметін өткерген азаматтарға білім беру секторында қосымша жеңілдіктер беру туралы келісімге қол қойды. Бүгінгі таңда 600-ге жуық қазақстандық осы жоба арқылы жоғары оқу орындарында білім алып жүр.

Брифинг соңында қорғаныс ведомствосының өкілдері журналистердің сұрақтарына жауап берді.

ҚР Қорғаныс министрлігі

Тегтер: әскерҚР Қорғаныс министрлігісарбаз
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Қазақстандағы екі ірі компанияның басшылары ұсталды

Қазақстандағы екі ірі компанияның басшылары ұсталды

12.11.2026, 12:21
Адам құқығына назар аудару неден басталады

Адам құқығына назар аудару неден басталады

11.11.2026, 16:33
Қазақстанда жалақы салығын есептеу жеңілдейді

Қазақстанда жалақы салығын есептеу жеңілдейді

09.11.2026, 13:03
ЮНЕСКО тізімдері қазақстандық жаңа рухани құндылықтармен толығуда

ЮНЕСКО тізімдері қазақстандық жаңа рухани құндылықтармен толығуда

08.11.2026, 12:36
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

138 stem-кабинеті және 10 IT-хаб: «Әділет» партиясының білім беру бағытындағы жоспарлары таныстырылды

12.11.2026, 20:07

Рысбеков Ескендір Нұрдәулетұлы: «Халық сенімі – менің басты жауапкершілігім!»

12.11.2026, 16:28

Вице-министр жолаушыға медициналық көмек көрсетті

12.11.2026, 14:58

Қазақстандағы екі ірі компанияның басшылары ұсталды

12.11.2026, 12:21

«Жазушымен бір күн» жобасы Берік Шаханұлының шығармашылығына арналды

12.11.2026, 10:51

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына үміткерлер анықталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қалалық мәслихатына 88 үміткер тіркелді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына «Әділет» партиясы» тізіміне кімдер енді?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.