Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының басшысы болып Мәди Мейірбекұлы Мәтен тағайындалды.
Мәди Мейірбекұлы 1984 жылы Жамбыл облысы Жуалы ауданында туған.
2004 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «экономика және менеджмент» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2004 жылы «Жаңа өмір – Новая жизнь» газетінің редакциясында фототілші болып бастаған.
Әр жылдары Жуалы ауданы әкімі аппаратында бас маман (2005-2011), бөлім жетекшісі, Жамбыл облысы әкімі аппаратының бас инспекторы (2011-2012), ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы (2012-2017), Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы (2017-2019), Жамбыл облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі (2019-2020), «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары (2020-2022), «AMANAT» партиясы облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары,
2022 жылғы сәуірден бастап бүгінге дейін Жамбыл облысы әкімінің көмекшісі,
2022 жылдың 23 мамырдан 25 желтоқсанға дейін Жамбыл облысы әкімінің аппарат басшысы лауазымында еңбек етіп келді.