Сотпен не анықталды:
Сотталушы М. «InDriver» мобилді қосымшасы арқылы ақыға жолаушылар тасымалдап жүрген Т.-ның басқаруындағы маркасы «Mercedes benz» автокөлігіне тапсырыс беріп, Шу қаласы теміржол вокзалы маңайына келген аталған автокөліктің жүк салғыш бөлігіне жатын көрпелерге және полиэтилен пакеттеріне оралған екі полипропилен қаптарына салынған жасыл түсті, аса ірі мөлшердегі есірткі затын салып, оларды өткізу мақсатында заңсыз сақтап, Алматы қаласына дейін тасымалдау үшін жолға шыққан.
Алматы қаласына бағытталып бара жатқан жол бойында, яғни Шу ауданы Белбасар ауылының маңайында «Шу-Қордай» тас жолының бойында, жоғарыда аталған автокөлік Шу аудандық полиция мен Жамбыл облысы полиция департаментінің ауданаралық есірткі қылмысына қарсы іс қимыл бөлімінің қызметкерлерімен жедел іздестіру іс-шарасы аясында тоқтатылған.
Аталған автокөлікке тінту жүргізу барысында, оның артқы жүк салғыш бөлігінен М.-ға тиесілі полиэтилен пакеттеріне оралған екі дана ақ түсті полипропилен қаптарына салынған жалпы салмағы – 34540 грамм болып табылатын, аса ірі мөлшердегі жасыл түсті «кептірліген марихуана» есірткі заты табылып алынған.
Тараптардың позициясы:
Прокурор сотталушы М.-ға 11 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындауды сұрады.
Сот отырысында сотталушы М. өзіне тағылған айыпты ішінара мойындап, осы іс әрекеті үшін өкінетінін көрсете келе жеңіл жазалауды сұрады.
Дәлелдемелер бойынша:
Кінә іс бойынша жиналған дәлелдемелермен: сотталушының және куәлердің жауаптарымен, тергеп-тексеру амалдары жүргізілу барысында толтырылған процессуалдық құжаттармен, сараптамалардың қорытындыларымен, сондай-ақ қылмыстық істің өзге де материалдарымен дәлелденді.
Сот шешімі:
Сот қылмыстық жауапкершілігі мен жазасын жеңілдететін мән-жайларға М.-ның оның іс әрекетіне өкінуін, тұрғылықты жері бойынша жақсы мінезделуін табады.
Қылмыстық жауапкершілігі мен жазасын ауырлататын мән-жай сотпен анықталмады.
Сот үкімімен ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігінің 3-тармағы бойынша М.-ға қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтей отырып, 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Қайнар: Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі