• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 20:23
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Ауыл – алтын тамыр

Жамбыл ауданындағы Қызылқайнар ауылдық округінің ауылдық клубы мен Гродиково ауылдық округінің мәдениет үйінде «Менің ауылым – Қазақстанның бір бөлшегі» атты этносаралық бірлік кездесуі өтті. Шараға спикер ретінде облыстық «Знамя Труда» газетінің тілшісі, тіл жанашыры Диана Қалманбай мен облыстық «AR-AI» газетінің тілшісі А. Булатқызы арнайы шақырылды.

turan_admin turan_admin
12.12.2023, 11:35
Азаматтық қоғам институттары
Ауыл – алтын тамыр
107
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

«Тілдік және этникалық белгілері бойынша арнамыс пен қадір-қасиетті қорлаудың кез келген нысандарына жол бермеу» жобасының аясында өткізілген кездесуге қариялар, ақ жаулықты аналар мен жастар қауымы қатысып, өнегелі әңгімемен сусындады.

Алғашқы спикер елімізде этносаралық өшпенділік тілін жеңуге арналған этика кодексі туралы баяндады.

– Бүгінгі таңда Қазақстан бейбітшілік пен келісімнің қазақстандық үлгісін әлемге танытушы елге айналып отыр. Әрбір қазақстандық азамат үшін ұрпақтар сабақтастығы арқылы тарихи қалыптасқан татулық, сенім мен тең құқықтылық ең маңызды қасиет. Елімізде этносаралық өшпенділік тілін жеңуге арналған этика кодексі бар. Өшпенділік тілі – нақты бір адамға емес, ортақ белгілері бар адамдар тобына қарата айтылған өшпенді ой-пікір, көзқарас, мәлімдеме. Ол сөз, кескін немесе басқа да контент түрінде болуы мүмкін. Өшпенділік тілі қандай да бір топтың дініне, ұлтына, азаматтығына, тұрғылықты жеріне, өзгеше көзқарасына және тағы басқа белгілеріне қатысты болады. Ең жиі кездесетіні – этникалық (ұлттық) белгілерге байланысты өшпенділік тілі. Өшпенділікті, араздықты әртүрлі тәсілмен көрсетуге болады. Сондықтан да тұтастай бір ұлтты қорлай- тын әзіл-қалжыңнан бастап, қырып-жоюға, өлтіруге шақыратын, үгіттейтін сөздерге дейін өшпенділік тіліне жатады, – деп, тұтас этникалық топ туралы теріс пікір қалыптастыруға, әр сөзімізге абай болуымызға шақырды.

Ал екінші спикер Диана Қалманбай ауылдардың Қазақстан үшін маңызы туралы сөз қозғады.

  • Тумасынан таза, арамдықтан ада, қиянаттан шет, ешкімді жатсынбайтын, бөліп-жармайтын, барлығын туғанындай санайтын халықтың бірі – қазақ халқы. Бүгінде осы құндылықтардың барлығы атадан балаға беріліп отыр. Әсіресе, ауыл жұрты мұндай тәрбиеге аса қатты мән береді. Жамбыл ауданында бүгінгі таңда 87638 адам өмір сүреді. Оның 70 пайызы қазақтар болса, қалған бөлігі – өзге этнос өкілдері. Биыл ауданға да 95 жыл толып отыр. Осы уақыт аралығында сіздер бейбітшілікте, татулықта өмір сүріп келесіздер. Аудан да көркейіп, дамуда. Мемлекет басшысының бастамасымен жаңа бағдарламалар ауылдарға енуде, халық шарапатын көріп отыр. Сондықтан «Менің ауылым – Қазақстанның бір бөлшегі» деген бүгінгі кездесудің тақырыбы ұтымды қойылған, — деді спикер.

Кездесу барысында ауылдың жай-күйімен таныстық. Ауылшаруашылығының мамандары өз кәсіптерінің сыр-қырын ашып, мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігі жайлы сөз қозғады. Ал қонақтар арасында  өздерінің бизнесін ашқысы келетін жастар да бар екен.  Сондай-ақ, еркін форматта өткен жиында этносаралық татулық және өзге де қоғамдық бірлестіктердің, этносаралық коммуникацияның тиімді құралдарын қалыптастыруға жаңа серпін берумен қатар, мемлекеттік тілді құрметтеп, қоғамдағы рөлін арттыру, жастарға патриоттық бағыттағы тәрбие беру мәселесі көтерілді.

Өз кезегінде ауыл тұрғындары спикерлерге сұрақтар қойып, ізгі тілектерімен бөлісті.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Таразда ҚХА медиация институтын дамытуға арналған семинар-тренинг өтті

Таразда ҚХА медиация институтын дамытуға арналған семинар-тренинг өтті

31.08.2026, 16:36
Таразда «Үміт шуағы» жобасы аясында «Зорлық-зомбылықсыз отбасы – бақытты қоғам» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Таразда «Үміт шуағы» жобасы аясында «Зорлық-зомбылықсыз отбасы – бақытты қоғам» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

31.08.2026, 16:30
«Әділет» партиясы Жамбыл облысындағы үгіт-насихат науқанын қорытындылады

«Әділет» партиясы Жамбыл облысындағы үгіт-насихат науқанын қорытындылады

25.08.2026, 17:25
«Халық үні» тобы: Өрескел заң бұзушылықтар тіркелмеді

«Халық үні» тобы: Өрескел заң бұзушылықтар тіркелмеді

24.08.2026, 14:19

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

05.09.2026, 18:12

Елордада жамбылдық креаторлардың жәрмеңкесі өтуде

05.09.2026, 15:50

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.