• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Облыс әкімі Шу ауданындағы ауылдықтардың мәселелерін тыңдады

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Шу ауданындағы Бірлік және Жаңақоғам ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесті.

30.11.2023
0
Облыс әкімі Шу ауданындағы ауылдықтардың мәселелерін тыңдады
77
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Мемлекет басшысының «Барлық деңгейдегі әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес өткен басқосуға облыстық салалық басқарма және құқық қорғау органдарының басшылары да қатысты.

Алдымен Бірлік ауылының тұрғындарымен кездескен аймақ басшысы облыста атқарылып жатқан жұмыстар мен жоспарлы шараларға қысқаша тоқталып өтті.

Облыс әкімінің айтуынша, қаңтар-қыркүйек айыларының қорытындысымен өңірде экономикалық өсім 101,3 пайызды құраған. Оның ішінде өнеркәсіп өнімі көлемі 3,7 пайызға артқан. Негізгі капиталға салынған өнімнің көлемі 2 пайызға өскен десек, жыл басынан бері 501,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. 50,2 мыңнан астам адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылған.

Сондай-ақ, Шу ауданында 2022 жылы 11,0 млрд. теңгеге 38 жоба іске қосылса, биыл 12,0 млрд. теңгеге 137 жоба жүзеге асуда. Ал, Бірлік ауылдық округінде 2 жылда 114,7 млн. теңгені құрайтын 13 жоба іске асырылған.
Жиында ауылдық округ әкімі Нұрбек Қараулов есеп беріп, баяндама жасады.

— 2023 жылы Бірлік ауылдық округін барлық деңгейдегі мемлекеттік бағдарламалар аясында жалпы сомасы 187,09 миллион теңге қаражат бөлінген. Оның ішінде Амангелді көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар Жастар, Әулие ата көшелеріне асфальттау жұмыстары жүргізілді. Ауылдағы саябаққа абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Қатты тұрмыстық қалдықтар мен кездейсоқ қоқыстар арнайы орынға шығарылды. Бірлік ауылында көшелердің түнгі жарықтандыруына техникалық қызмет көрсетуге — 1,7 миллион теңге, электр энергиясын тұтынуға – 3,0 миллион теңге қаржы игерілді,-деді Н. Қараулов.

Бұдан соң ауылдықтар көкейдегі сауалдарын жолдап, жауаптар алды. Атап айтқанда тұрғындар спорт кешенін салу, суармалы су, кейбір көшелерге газ, таза ауыз су жеткізу, балабақшаны кеңейту немесе жаңадан ғимарат салу, жайылым тапшылығына қатысты және басқа да мәселелерді көтерді.

Облыс әкімі мен аудан басшылығы барлық сұрақтарға алдағы жоспарлы жұмыстарды негізге ала отырып, жауап берді. Аймақ басшысы кейбір мәселелерді жіті зерделеу бойынша жауаптыларға нақты міндеттер жүктеді.

Дәл осындай форматтағы кездесу Жаңақоғам ауылдық округінде де өтті.

Кездесулерден соң Ербол Қарашөкеев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Сондай-ақ, облыс әкімі Бірлік ауылындағы “Алпамыс” бөбекжай балабақшасының ғимаратына барып, жай-күйімен танысты. Іргесінің қаланғанына жарты ғасырдан асқан нысанның тозығы жеткен. Орын тапшылығы бар. Аймақ басшысы алдымен балабақшаның шатырын ауыстыру жұмыстарын қолға алу керектігін айтып, жауаптыларға жалпы мәселені шешу мүмкіндіктерін қарастыру бойынша ұсыныстар беруді тапсырды.

Тегтер: Бірлік ауылыЕрбол Қарашөкеевіс-сапаршу ауданы

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

09.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты