• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 04:09
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жуалы ауданының әкімі сайланды

Жамбыл облысы Жуалы ауданының әкімі болып Жалғас Әлижанұлы Мұртаза сайланды.

turan_admin turan_admin
08.11.2023, 10:49
Облыс жаңалықтары
Жуалы ауданының әкімі сайланды
240
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Облыс әкімі ауданның активіне қатысып, жаңадан сайланған әкімді таныстырып, бірқатар нақты міндеттер жүктеді.

— Өздеріңізге белгілі, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сегізінші сайланған ҚР Парламентінің алғашқы сессиясында ағымдағы жылы елімізде 45 аудан және облыстық маңызы бар қала әкімінің сайлауы өтетіндігін жеткізген болатын.

Президенттің осы саяси реформасын іске асыру барысында облыстық мәслихаттың шешіміне сәйкес, ағымдағы жылғы 5 қарашада пилоттық негізде Жуалы және Т.Рысқұлов аудандары әкімдерінің сайлауы өтті.

Жуалы ауданы бойынша сайлаушылардың 62,9 пайызы өз таңдауларын жасады. Облыстық аумақтық сайлау комиссиясының ақпаратына сәйкес сайлау барысында ешқандай заң бұзушылықтар тіркелген жоқ. Өңірде тұрақты қоғамдық-саяси ахуал сақталды.

Бұл сайлау – қоғамды демократияландырудың маңызды институты, халықтың ерік-жігерін білдіру, оның мемлекеттік басқаруға қатысуының негізгі нысаны болмақ.

Пилоттық негізде Жуалы ауданында өткен сайлау барысында Жалғас Әлижанұлы аудан халқының көпшілік даусымен аудан әкімі лауазымына сайланды.

Ендеше, аудандық сайлау комиссиясының шешіміне сәйкес Жуалы ауданының әкімі болып сайланған Жалғас Мұртазаны құттықтаймыз,-дей келе облыс әкімі ауданның әлеуетін тиімді пайдаланып, әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беру бойынша нақты міндеттер жүктеді.

Сондай-ақ, аймақ басшысы басты бағыт – сайлауалды және Жуалы ауданын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған бағдарламалары негізінде тиісті индикаторлардың орындалуына баса назар аударуды, өзекті мәселелерді шешу бойынша жан-жақты сапалы жұмыстар атқаруды тапсырды.

Жиында Жуалы ауданы әкімінің аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Нүрзия  Алтыбаева сайлау қорытындысын баяндаса, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейтхан Жұмашев, Жуалы аудандық мәслихатның депутаты Ермек Абдиваитов та өз ойларын ортаға салды.

Айта кетейік, Жалғас Мұртаза 1988 жылы Жамбыл облысы Жуалы ауданында туған. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «мемлекеттік және жергілікті басқару», М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетін «құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру» мамандықтары бойынша  бітірген.

Еңбек жолын 2010 жылы Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінде сарапшы болып бастаған. Әр жылдары ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Қаржылық жұмыс және бюджеттік жоспарлау департаментінің сарапшысы, бас сарапшысы, Жамбыл облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөліміндегі облыс әкімінің бас инспекторы, Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары, Жамбыл облысы әкімі аппаратының өңірлік бақылау және ұйымдастыру-инспекторлық  жұмысы бөлімінің басшысы, туризм басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.

2022 жылғы маусымнан бастап Жуалы ауданы әкімі лауазымында еңбек етіп келді.

 

Тегтер: Әкімнің сайлауыЖуалы ауданы
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.