Жамбыл облысының ПД ЕҚҚІБ қызметкерлері «Синтетикалық есірткі мен дәріханадағы құрамында есірткі бар дәрілердің зияны туралы» тақырыпта дәріс оқыды.
Полиция қызметкерлері есірткі заттарының, оның ішінде синтетикалық есірткілердің зияны және оларды қолдану салдарынан туындайтын зиянды тәуелділіктері, есірткінің заңсыз айналымының жаңа нысандарының алдын алуға және оларға қарсы тұруға бағытталған қылмыстық заңнаманың негізгі жаңашылдығы туралы айтты. Студенттерге есірткіге қарсы роликтер көрсетілді.
— Көптеген адамдар есірткіге тәуелділіктен өз тағдырларын құрдымға кетірді. Өкінішке орай, солардың ішінде жастар есірткі тәуелділігіне жиі ұшырайды. Өмірлік тәжірибесінің болмауына, жастық албырттыққа салынуына байланысты, достарының алдында батылдығын көрсеткісі келетіндіктен немесе елеулі проблемаларға байланысты жастар көбінесе есірткі сатушылардың тұзағына түскенін байқамай да қалады. Өкінішке қарай, бұл тәуелділікті жеңе алмайтындар аз, — деді Жамбыл облысы ПД ЕҚҚІБ бастығының орынбасары полиция подполковнигі Дінмұхамбет Қойториев.