• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

ҚАРАШӨКЕЕВ МОЙЫНҚҰМДА ШӘМШИДИНОВАМЕН ЖҮЗДЕСТІ

«Білім беру саласын тұрақты дамыту» қорының Қамқоршылар кеңесінің төрайымы Күләш Шәмшидинова, «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры төрағасының орынбасары Ләззат Чингисбаева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Гүлдара Нұрымова (онлайн режимде) сөз алып, жобаның ауылдық жердегі білім беру сапасын арттыру, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеудегі ұтымдылығын баса айтты.

01.10.2023
0
ҚАРАШӨКЕЕВ МОЙЫНҚҰМДА ШӘМШИДИНОВАМЕН ЖҮЗДЕСТІ
194
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Мойынқұм ауданындағы жұмыс сапары барысында Т.Рысқұлов атындағы тірек мектебінің таныстырылымына қатысты. Сондай-ақ, бұл күні Жуалы ауданындағы Ә.Бөкейхан атындағы мектеп-лицейі де тірек мектебі ретінде өз жұмысын бастады.

Аймақ басшысы құрметті қонақтармен бірге облыс орталығынан ең шалғай орналасқан тірек мектебінің оқу кабинеттерін аралап, балалардың шығармашылық жетістіктерімен танысты.

Оқу ордасы ағымдағы жылы «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры және «Білім беру саласын тұрақты дамыту» қорының қолдауымен жүзеге асып жатқан «Ауылдық жерлердегі тірек мектептерінің әлеуетін арттыру» жобасы аясында материалдық-техникалық базасы толығымен жаңғыртылған. Ол үшін 250 миллион теңге қаржы бөлінген.

Күрделі жөндеуден өткен мектепте бүгінде оқушылардың жан-жақты, сапалы білім алуына барлық жағдай жасалды.

«Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры» қоғамдық қорының директоры Данияр Тоқтарбаевтың айтуынша, аталған жоба білім беру сапасын арттыруға, үздік педагогикалық тәжірибелер мен әдістемелерді енгізуге және тірек мектептерді қажетті материалдық-техникалық базамен қамтамасыз етуге бағытталған.

Жобаға енген мектептердің материалдық-техникалық базасы жаңартылумен қатар, оқытушылар құрамы оқытудан өтіп, әдістемелік қолдау алады.

Жобаны «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры мен «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ және «Aitas» компаниясының қолдауымен «Білім беру саласын тұрақты дамыту» қоры жүзеге асырады.

Тірек мектебінің таныстырылымында облыс әкімі бұл жұмыстардың барлығы еліміздің жарқын болашағы – балалар үшін жасалып отырған үлкен демеу екенін атап өтті.

Сондай-ақ, аймақ басшысы облыс көлеміндегі білім саласын дамыту, сапалы білім беру мен инфрақұрымды жетілдіру бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға да тоқталды.

 — Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, адам капиталын дамытудың негізі болып саналатын білім саласына облысымызда айрықша көңіл бөлінуде.

Ағымдағы жылы 25 білім нысанының құрылысы жүргізіліп, 9 мектеп және 5 мектептің қосымша құрылысы аяқталады. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 9500 орындық 12 мектеп салу жоспарлануда. Оның жетеуі 2024 жылы, бесеуі 2025 жылы пайдалануға беріледі.

Ауыл мен қала мектептері арасындағы оқушылардың білім сапасындағы алшақтықты жою – басты мәселе.

Осы орайда, «Ауылдық жердегі тірек мектептерінің әлеуетін арттыру» жобасы жүзеге асуда десек, оның игілігін Жамбыл облысының ауылдары да сезінуде.

Осы орайда «Білім беру саласын тұрақты дамыту» және «Қазақстан халқына» қорларына өңірдегі ауыл мектептеріне көрсеткен көмектері үшін алғыс айтамын,-деген Ербол Қарашөкеев бұл шаралар балалардың болашағына және жалпы білім берудің дамуына оң әсер ететінін тілге тиек етіп, осы тұрғыдағы ынтымақтастың жалғасатына сенім білдірді.

Айта кетейік, жоба аясында Жамбыл облысында былтыр Сарысу ауданындағы бір мектептің 35 оқу кабинетінің материалдық-техникалық базасы (250 миллион теңгеге) жаңартылып, 116 педагог «Назарбаев зияткерлік мектептері» арқылы оқыту курстарынан өткен.

Ал, биыл жоба шеңберінде Жуалы және Мойынқұм аудандарындағы екі мектептің 53 оқу кабинеті (жалпы 500 миллион теңгеге) жаңғыртылып, 161 педагог оқыту курстарына қатысуда.

Келер жылы жоба бойынша облыстағы 8 мектепті қайта жабдықтау жоспарлануда.

Тегтер: Ербол ҚарашөкеевКүләш Шәмшидинова

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

01.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты