• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
23.11.2026, 09:13
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Қоғамдық бірлестіктердің құқықтық мәртебесі мен ерекшеліктері

Бірлесу бостандығына құқық адам мен азаматтың аса маңызды және конституциялық құқықтарының бірі болып табылады, оның іске асырылуы қоғам мүдделеріне сай келеді және мемлекеттің қорғауында болады.

turan_admin turan_admin
29.09.2023, 16:53
Жаңалықтар
Қоғамдық бірлестіктердің құқықтық мәртебесі мен ерекшеліктері
260
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 31 мамырдағы № 3 «Қоғамдық бiрлестiктер туралы» Заңының 2-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасында саяси партиялар, кәсіптік одақтар және азаматтардың ортақ мақсаттарға жету үшін ерікті негізде құрылған, заңдарға қайшы келмейтін басқа да бірлестіктері қоғамдық бірлестіктер деп танылады. Қоғамдық бірлестіктер коммерциялық емес ұйымдар болып табылады және Қазақстан Республикасы азаматтарының кемінде он адамнан тұратын тобының бастамасы бойынша құрылады.

Қазақстан Республикасында республикалық, аймақтық және жергілікті қоғамдық бірлестіктер құрылып, жұмыс істеуі мүмкін.

Қазақстан Республикасы облыстарының жартысынан астамының аумағында өздерінің құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) бар бірлестіктер республикалық қоғамдық бірлестіктерге жатады.

Қазақстан Республикасы облыстарының жартысынан азының аумағында өздерінің құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) бар бірлестіктер аймақтық қоғамдық бірлестіктерге жатады.

Жергілікті қоғамдық бірлестіктерге Қазақстан Республикасының бір облысы шегінде жұмыс істейтін бірлестіктер жатады.

Республикалық, аймақтық қоғамдық бірлестіктерді, шетелдік және халықаралық коммерциялық емес үкіметтік емес бірлестіктердің құрылымдық бөлімшелерін (филиалдары мен өкілдіктерін) мемлекеттік тіркеуді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі жүзеге асырады.

Жергілікті қоғамдық бірлестіктерді, филиалдар мен өкілдіктерді мемлекеттік тіркеуді аумақтық әділет органдары жүзеге асырады.

Қоғамдық бірлестіктерді мемлекеттік тіркеу мен қайта тіркеу заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы заңдарда көзделген тәртіп пен мерзімдерде жүргізіледі.

Қоғамдық бірлестікті тіркеу үшін ол құрылған күннен бастап екі ай мерзім ішінде тіркеуші органға өтініш беріледі.

Өтінішке:

— құрылтай съезінде (конференциясында, жиналысында) қабылданған Жарғы;
— съездің (конференцияның, жиналыстың) төрағасы мен хатшысы қол қойған Жарғыны қабылдаған құрылтай съезінің (конференциясының, жиналысының) хаттамасы;
— тегін, атын, әкесінің атын (бар болған жағдайда), ЖСН, тұрғылықты жерін, үй-жайын көрсете отырып, қоғамдық бірлестіктің бастамашы азаматтарының тізімі;
— қоғамдық бірлестіктің орналасқан жерін растайтын құжат;
— мемлекеттік тіркеу үшін алымның бюджетке төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат қоса тіркеледі.

Қоғамдық бірлестіктің құрылтай құжаттарын қабылдау және беру «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиал арқылы жүзеге асырылады.

Жамбыл облысы

Әділет департаментінің

бас маманы

Абдрасулова А. Т.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Таразда заманауи АІ-кеңсе ашылды

Таразда заманауи АІ-кеңсе ашылды

13.11.2026, 19:07
Жамбылдық Бибарыс Әшірбай жасөспірімдер Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды

Жамбылдық Бибарыс Әшірбай жасөспірімдер Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды

13.11.2026, 12:48
Жамбыл облысында «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Тазалық жаршысы» экологиялық шарасы өтті

Жамбыл облысында «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Тазалық жаршысы» экологиялық шарасы өтті

11.11.2026, 11:28
Жамбыл облысында «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Тазалық жаршысы» экологиялық шарасы өтті

Байзақ ауданында көгалдандыру жоспары артығымен орындалуда

11.11.2026, 10:24
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ердос Сақпанқұлов Көкдөнен мен Жақсылықтағы су мәселесін аудан деңгейінде көтермек

23.11.2026, 09:00

Асхат Әділханұлы жер дауларына құқықтық көмек пен шаруаларға қолдау көрсетуді ұсынды

23.11.2026, 02:50

Ербол Абуталипов Луговой округінде жолдарды жөндеу мен су желілерін жаңартуды ұсынды

23.11.2026, 02:32

Марат Алкереев Ақбұлақ ауылдық округіндегі сегіз көшеге асфальт төсеуді ұсынды

23.11.2026, 02:15

Ердос Сақпанқұлов Көкдөненді электрмен жабдықтау және газдандыру жобаларының барысын сұратпақ

23.11.2026, 02:03

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына үміткерлер анықталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қалалық мәслихатына 88 үміткер тіркелді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Марат Ирменов ҰҚК төрағасы болып тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараздағы тергеу изоляторына жаңа бастық тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.