• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
24.11.2026, 20:07
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

МҚІА-ға жүгінген қызмет алушылардың бұзылған құқықтары қалпына келтірілді

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі қызметінің басым бағыттарының бірі – халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету.

turan_admin turan_admin
13.09.2023, 21:14
Қазақстан жаңалықтары
МҚІА-ға жүгінген қызмет алушылардың бұзылған құқықтары қалпына келтірілді
148
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Бұл ретте, қызмет алушылардың құқықтарын қорғау және қалпына келтіруге ерекше назар аударылады.

Жыл басынан Агенттікпен мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мәселелері бойынша азаматтардың 425өтініші қаралды. Оның қорытындысы бойынша 142жеке және заңды тұлғаның дәлелдері расталып, құқықтары қалпына келтірілді.

Азаматтардың өтініштері бойынша тексерулерден кейін мемлекеттік органдар мен ведомствоға қарасты ұйымдардың 72 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке, 14 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Азаматтар тарапынан түскен шағымдардың көпшілігі жер қатынастары, сәулет, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жұмыспен қамту және әлеуметтік қамсыздандыру салаларындағы іс-әрекеттерге қатысты болып отыр.

Мысалы, Ақтөбе облысында бір ЖШС-не көлік құралдарын тіркеу бойынша қызмет көрсетуден негізсіз бас тарту фактісі анықталды. Көрсетілетін қызметті алушыға айыппұлдар бар деген негізбен автомобильдерді тіркеуден бас тартылған. Алайда, тексеру қорытындысы бойынша арнайы ХҚКО ақпараттық жүйесінде айыппұлдар өтелсе де, айыппұлдардың болуы туралы дұрыс емес деректер бас тартуға негіз болған.

Осылайша, Агенттіктің Ақтөбе облысы бойынша аумақтық департаментімен жүргізілген жұмыс нәтижесінде көлік құралын мемлекеттік тіркеуден өткізу арқылы, көрсетілетін қызметті алушының бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.

Алматы облысында Іле аудандық Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі өтініш білдірушіге сәулет-жоспарлау тапсырмасын беруден бірнеше рет бас тартқан. Бірінші бас тартуға жер теліміне құқық белгілейтін құжаттың жоқ болуы, екіншісі – жер телімінде рұқсат етілмеген құрылыс себеп болған.

Алайда, Агенттіктің Алматы облысы бойынша аумақтық департаментімен жүргізілген тексеру барысында жер теліміне құқық белгілейтін құжаттар қоса берілгені және жер телімінде рұқсат етілмеген құрылыстың жоқтығы анықталды. Осылайша, уәкілетті органның араласуы нәтижесінде сәулет-жоспарлау тапсырмасы берілді.

Ұлытау облысында азаматқа тұрғылықты мекенжайы емхананың қызмет көрсету аймағына кірмеуіне байланысты «медициналық ұйымға тіркелу» мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тартылған.

Агенттіктің Ұлытау облысы бойынша аумақтық департаментінде шағымды қарау нәтижелері бойынша негізсіз бас тарту фактісі анықталып, нәтижесінде көрсетілетін қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді.

Қостанай облысында заңды тұлғаның өтінішін зерделеу барысында агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін субсидиялау бойынша мемлекеттік қызметтердің уақтылы көрсетілмеуінің негізгі себебі ретінде Қостанай облысы әкімдігі Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының лауазымды тұлғаларымен 3 – 10 жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс өтініштердің тым ұзақ уақыт қаралуыанықталды.

Көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында МҚІА аумақтық департаменті Қостанай облысының әкіміне басқарманы кадрлармен қамтамасыз ету мәселесін шешу туралы хат жолдады.

Агенттік аумақтық департаментінің іс-әрекетінен кейін басқармаға субсидиялау мәселелерін қарау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын бөлімдерді жасақтау үшін қосымша 4 штаттық бірлік бөлінді.

Нәтижесінде «Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау» бағдарламасы бойынша 195,4 млн.теңге сомасында инвестициялық субсидиялар алуға көрсетілетін қызметті алушының 14 өтініші бойынша шешім қабылданды.

Солтүстік Қазақстан облысында азамат Жамбыл ауданының ХҚКО-на өз қолымен жасалған сатып алу-сату шартын бере отырып, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу үшін жүгінді. Заңнамаға сәйкес, қызмет ақысыз негізде көрсетілуі керек.

Алайда, ХҚКО-мен жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу бойынша мемлекеттік қызметті ақылы түрде көрсету ұсынылған.

Агенттіктің СҚО бойынша аумақтық департаментінің араласуы нәтижесінде қызмет тегін көрсетіліп, ақылы қызмет көрсетуге жұмсалған қаражат қайтарылды.

Атап өту керек, ағымдағы жылы барлық өңірлерде Агенттіктің аумақтық департаменттеріменмемлекеттік қызметтерді алу саласындағы мәселелерді жедел шешуге және қызмет алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына жол бермеуге бағытталған Telegram арналары іске қосылды.

Ол үшін Халыққа қызмет көрсету орталықтарында азаматтарды Telegram парақшасына бағыттайтын арнайы QR-кодтар көрсетілген. Аталған арна арқылы азаматтар қандай да бір қызметті алу кезінде туындаған мәселелер бойынша шағымдана алады. Заң бұзушылықтар анықталған жағдайда, Агенттік қызметкерлері оларды жою жөнінде дереу шаралар қабылдайтын болады.

ҚР МҚІА Баспасөз қызметі

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

12 жылға сотталған экс-әкім Кәрім Көкірекбаевты босату туралы сот шешімінің күші жойылды

12 жылға сотталған экс-әкім Кәрім Көкірекбаевты босату туралы сот шешімінің күші жойылды

23.11.2026, 17:15
Сот тәуелсіздігі азаматтың құқығын қалай қорғайды

Сот тәуелсіздігі азаматтың құқығын қалай қорғайды

22.11.2026, 12:30
«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында 902 млн доллар бөлінді

«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында 902 млн доллар бөлінді

16.11.2026, 11:55
Кәсіпкерлікке қолдау – экономикалық өрлеудің негізі

Кәсіпкерлікке қолдау – экономикалық өрлеудің негізі

16.11.2026, 11:54
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Таразда бүлдіршіндер театр музейімен танысты

24.11.2026, 19:47

Таразда оқушылар «Аман. Сенімдер сөнгенде» психологиялық драмасын тамашалады

24.11.2026, 19:41

Данияр Альпеисов Луговой ауылының инфрақұрылымын дамыту бойынша ұсыныстарын таныстырды

24.11.2026, 18:00

«Әділет» кандидаттары теміржолшыларға өңірлік даму жоспарларын таныстырып, партияға дауыс беруге шақырды

24.11.2026, 17:47

Ауызсу, газ, жол және ауыл тазалығы Амалбек Бейбіттің сайлауалды бағдарламасына енді

24.11.2026, 14:58

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына үміткерлер анықталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қалалық мәслихатына 88 үміткер тіркелді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Марат Ирменов ҰҚК төрағасы болып тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараздағы тергеу изоляторына жаңа бастық тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.