Қала прокуратурасымен жүргізілген талдаумен 2 құрылыс нысаны бойынша («Ұлы дала» мөлтек ауданындағы көпқабатты үйлердің ішкі алаңдық инженерлік желілері және абаттандыру құрылысы нысандары) орындалмаған жұмыстар көлемі анықталып, кемшіліктер бойынша қала әкімдігіне қадағалау актісі енгізілді.
Аталған ұсынуды қарау нәтижесімен орындалмаған жұмыстарға қаржы аударғаны үшін қала әкімдігінің құрылыс бөлімінің басшысы Е.Бабакуловтың әрекеті Әдеп жөніндегі кеңесте қаралып, нәтижесімен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 50-бабы 1-тармағы 4)-тармақшасында көзделген жауаптылыққа тартылып, атқаратын мемлекеттік лауазымынан шығарылды (Тараз қ. әкімінің 02.08.2023ж. 274-ж/қ бұйрығы).
Айта кететін болсақ, қазіргі таңда Тараз қаласы №2 сотында Ержан Бабақұловқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы 2-бөлігімен айыпталған болатын.
Тараз қаласы әкімінің өкімімен Нұрсұлтан Исабеков Тараз қаласы әкімдігі құрылыс бөлімінің басшысы болып тағайындалды
1990 жылы 24 сәуірде Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Ащыбұлақ ауылында дүниеге келген.
2009 жылы Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының жанындағы Құрылыс және дизайн колледжін «үйлер мен ғимараттарды салу және пайдалану» және 2013 жылы Л.Б.Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол академиясын «тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолы:
Алғашқы еңбек жолын 2011 жылы Жамбыл облысы, Тараз қаласында «ГАПП» ЖШС-нің техник — жобалаушысы болып бастаған.
2012 – 2013 жылдары Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімінің іс жүргізу жөніндегі инспекторы;
2014 жылы «Табыс- Жоба» ЖШС бас инженері;
2014 – 2015 жылдары Қордай ауданы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімінің іс қағаздарын жүргізу жөніндегі курьері;
2015 – 2021 жылдары Тараз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімінің технигі, іс жүргізушісі;
2016 – 2020 жылдары «КазСтройЭкспо» ЖШС атқарушы директоры;
2021 – 2023 жылдары Тараз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімінің Жоспарлау және қала аумағын соғу секторының бас маманы;
2023 жылы 15 тамызынан бастап №287-ж/қ қала әкімінің өкімімен Тараз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімінің басшысы болып тағайындалды.