Электрондық технологияның тиімді тұстарын біраз уақыттан бері тәжірибеде тиімді пайдаланып келеді. Бүгінде сот құжаттарының айналымы, азаматтардың арыз-шағымдары «Сот кабинеті» сервисі арқылы реттеледі. Сервистің жұмысына сенгендіктен азаматтар арызын енді сот ғимаратына әкеліп әуре болмайды. Үйінде, кеңседе отырып-ақ құжаттарды жіберіп, өтінімдерін жолдай алады. Сонымен бірге сот кабинетінің ыңғайлы екенін, уақыт жағынан ұтымды болғаны, дәлелін табуда.
Сот отырыстарына қашықтан қатысушылар жұмыстың тиімді ұйымдастырылғанына, сапалы атқарылғанына да көңілі толатындарын жеткізіп отыр. Бейнеконференц байланыс арқылы сот отырыстарын жүргізуге, ватсап желісінің көмегімен бір чатта сот отырысын таразылауға қатысқандар жаңа технологияларды барынша пайдаланған сот ұжымына алғыстарын білдіруде.
Тараз қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты елімізде жарияланған төтенше жағдай кезінде істердің уақытылы, сапалы қаралуына бар күшін салды. Тараптарға онлайн отырыстарға қатысудың тәртібі, шарттары тұрақты түсіндіріліп, сот отырысының өз дәрежесінде өтуіне мүмкіндік жасады. Яғни, төтенше жағдай сот жұмысының сапасына ешқандай кері әсерін тигізген жоқ.
Тараз қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі
мамандандырылған сотының жетекші маманы Гулдана Жамалбек