• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

САЛАМАТТЫ ӨМІР САЛТЫН НАСИХАТТАУ БОЙЫНША ЖОЛ КАРТАСЫ ІСКЕ АСЫРЫЛУДА

Денсаулық мәселелері бойынша халықтың сауаттылығын арттыру және саламатты өмір салтын насихаттауды күшейту мақсатында Қазақстанда 2023-2025 жылдарға арналған Жол картасы әзірленіп, іске асырылуда.

04.08.2023
0
САЛАМАТТЫ ӨМІР САЛТЫН НАСИХАТТАУ БОЙЫНША ЖОЛ КАРТАСЫ ІСКЕ АСЫРЫЛУДА
210
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Жол картасы спорттық жарыстар мен денсаулық фестивальдері сияқты бұқаралық іс-шараларды өткізуді, белсенді демалыс пен спорт үшін инфрақұрылым құруды, дұрыс тамақтану мәселелері бойынша түрлі іс-шараларды, денсаулық сақтау мекемелерінде денсаулық сақтау саласындағы халықтың сауаттылығын арттыру үшін білім беру бағдарламалары мен консультациялар өткізуді жоспарлайды.

Жол картасының іс-шараларын іске асыру нәтижесінде темекі өнімдерін, алкоголь өнімін және ПАЗ тұтынуды қысқарту; психикалық және репродуктивті денсаулықты жақсарту; жарақаттануды азайту күтіледі.

Жол картасы шеңберінде маңызды әлеуметтік жобалардың бірі — 2025 жылға дейін небәрі 39-ы құрылатын «Саламатты асханалар», «Салауатты кафетерийлер», «Салауатты бистро», «Саламатты дүкендер» дұрыс тамақтану жөніндегі кәсіпорындар желісін дамыту болып табылады. 2 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың тамақтану рационы бойынша ұйымдастырылған балалар ұжымдары үшін бірқатар ұлттық ұсынымдар әзірленетін болады.

Сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде қант қосылған сусындарды, құрамында тұзы жоғары өнімдерді тұтынуды азайту бойынша халықтың арасында белсенді түсіндіру жұмыстары күтілуде.

Сарапшылар халықтың әртүрлі жас топтары үшін дене белсенділігі бойынша ұлттық ұсынымдарды енгізетін болады. Бағыттардың бірі халықтың арасында жарақаттанудың алдын алу (балалардың құлауы, суға батуы, терезелерден құлауы); темекі, алкоголь, ПАЗ тұтыну бойынша ақпараттық — түсіндіру жұмыстарын жүргізу болады. Барлық жерде темекіге қарсы кабинеттер, темекіні тастаушыларға арналған сенім телефондары, темекі шегуден бас тартуға арналған қосымшалар құрылады.

Жол картасы қазақстандықтардың өз денсаулығы үшін жауапкершілігін арттыруға, саламатты өмір салтын қалыптастыруға және денсаулықты сақтау мен аурулардың профилактикасы үшін қолайлы әлеуметтік ортаны қамтамасыз етуге ықпал етуі тиіс, қоғамды мықты және дені сау халқы бар елге айналдыруда маңызды рөл атқарады.

Денсаулық сақтау министрлігі Жол картасын іске асыру ел халқы арасында саламатты өмір салтын ілгерілетудегі маңызды қадам болатынына сенімді.

Қабылданған Жол картасы Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасының «2023-2025 жылдарға арналған саламатты өмір салтын насихаттауды күшейту, халықтың денсаулық мәселелері бойынша  сауаттылығын арттыру» деген 91-тармағын іске асыру шеңберінде әзірленгенін естеріңізге сала кетейік.

Тегтер: http://turaninfo.kz/turaninfoturaninfo.kzдені сау ұлтДенсаулық сақтау министрлігіжол картасы

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

09.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты