Жиынның күн тәртібіне сәйкес депутаттар назарына 7 мәселе ұсынылды. Алғашқы мәселе – «2023-2025 жылдарғаарналған қалалық бюджет туралы» Тараз қалалық мәслихатының 2022 жылғы 23 желтоқсандағы №21-2 шешіміне өзгерістер енгізу» бойынша қала әкімдігініңэкономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысыЖандос Ордабаев баяндама жасады.
Бөлім басшысы өз сөзінде Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 106-бабын басшылыққа ала отырып, қаланыңөзіндік кірістерін 1,3 миллиард теңгеге ұлғайту ұсынылыпотырғанын жеткізді. Жандос Ілиясбекұлының айтуынша, аталған қаражат қала әкімдігінің бірқатар бөлімдерініңшығындарына, «Жасыл ел» бағдарламасын іске асыруға, «Тараз – қауіпсіз қала» жобасы бойынша іс-шараларөткізуге жұмсалмақ. Бұдан бөлек, 200 миллион теңгекөлеміндегі қаржы тұрғын үй сертификаттарын беругебағытталмақ. Сонымен қатар аталған қаржы №14 шағынауданынды сумен, газбен және электрмен жабдықтаудыңжобалық-сметалық құжаттарын әзірлеуге, «Құмшағал» алқабындағы су жинау ұңғымасын күрделі жөндеуге, Асқаров көшесіндегі су құбыры желісінің құрылысына, Гончаров көшесіндегі №9 үйдің шатырын және қасбетінжөндеуге, №15 мөлтекауданындағы көппәтерлі тұрғынүйлерге көтергіш пандустар орнатуға және өзге де жұмыстарға қарастырылған.
Келесі кезекте Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастарбөлімінің басшысы Темірхан Айменов сөз алып, «Жеручаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланыстышарттың жобасына келісу» мәселесіне тоқталды.
Жиында халық қалаулылары күнтәртібіне шығарылғанұсыныстарды бірауыздан қолдады.
Отырыс соңында сөз алған шаһар басшысы БақытжанОрынбеков мәселелерді жан-жақты талқылап, тиістіжұмыстарға қолдау көрсеткен халық қалаулыларынаалғысын жеткізді.
– «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында ауқымдыжұмыстар жүргізіліп жатыр. Биыл аталған бағдарламашеңберіндегі шаралардың арқасында 100-ден астам кезектетұрған отбасы баспаналы болуда. Оларға қала әкімдігітұрғын үй сертификаттарын беретінін білесіздер. Қазірдіңөзінде қосымша екі жүзге тарта азаматтың өтініші қаралыпжатыр.
Сонымен қатар, қаланың Бас жоспарына өзгерістер енгізіліпжатқаны да баршамызға мәлім. Бұл бағыттағы жұмыстармәресіне жетіп, мемлекеттік сараптаманың оңқорытындысы алынды. Алдағы уақытта Үкіметке жолданады. Осы игі істердің іске асуына қолдау білдіргенСіздерге алғысымды білдіремін, – деді БақытжанӘмірбекұлы.