• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары Денсаулық

Жамбыл облысында 3 ауданаралық аурухана ашылады

17.05.2023
0
Жамбыл облысында 3 ауданаралық аурухана ашылады
140
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Жамбыл облысында Меркі, Шу, Талас аудандарында ауданаралық көпбейінді орталық ауруханалар ашылады. Қажетті мамандармен және тиісті инфрақұрылыммен қамтылатын медициналық нысандар арқылы шұғыл және орта технологиялық медициналық көмек алу қашықтықтары айтарлықтай қысқаратын болады.

Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен кеңесте айтылды. Басқосуда денсаулық сақтау саласында атқарылып жатқан жұмыстар сараланды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жанар Оспанованың айтуынша, қазіргі таңда өңірде 389 денсаулық сақтау нысаны қызмет көрсетуде.

— 2022 жылы 8,6 миллиард теңгеге 26 денсаулық сақтау нысанының құрылысы жүргізіліп, оның 20 пайдалануға берілді. Сонымен қатар, 474,7 миллион теңгеге 8 нысанға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Ал ағымдағы жылы облыста саланың инфрақұрылымын жақсару мақсатында 2,8 миллиард теңгеге 19 жоба басталып, оның 17-сі тапсырылады деп күтілуде.

Осы жылдың ІІ-тоқсанында құны 14,1 миллиард теңгені құрайтын 200 төсектік облыстық онкологиялық диспансерді пайдалануға беру көзделген. Сондай-ақ, өткен жылдан өтпелі 5 нысан жобалары биыл аяқталады,-деді Жанар Оспанова.

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 2023-2024 жылдар аралығында облыста 5,2 млрд. теңгеге 30 нысанның құрылысын жүргізу жоспарланған.

Сонымен қатар, жоба шеңберінде 3 ауданда ауданаралық көпбейінді орталық ауруханалар құру бойынша қайта жаңғырту жұмыстары көзделуде.

Жоба барлық ауылдарды тиісті медициналық инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге және халықты сапалы қызметпен қамтуға мүмкіндік береді.

Нәтижесінде, шұғыл және орта технологиялық медициналық көмек алу қашықтығы 500-ден 200 шақырымға дейін қысқарады. Денсаулық сақтау ұйымдарының тозу деңгейі 36,7 пайызға дейін төмендейді деп жоспарлануда.

Жиында саладағы кадр тапшылығын шешу мақсатында облыстың грантымен жалпы медицина мамандығы бойынша 42 білімгер білім алып жатқандығы айтылды.

Соңғы 3 жылда жергілікті бюджет есебінен 9,1 млрд. теңгеге медициналық құрал-жабдықтар және медициналық мақсаттағы бұйымдар алынды. Оған қосымша, қаржы лизингі шарттарымен облыстық жедел жәрдем стансасы 12 дана санитариялық автокөлікпен толықты. Нәтижесінде, осы жылдың 3 айында медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету облыс бойынша 90,8 пайызды құрап, 3,8 пайызға өсті.

Бұдан бөлек басқосуда бірыңғай әлеуметтік-медициналық сақтандыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың есебі тыңдалды.

Облыс әкімі осы тұрғыда халық арасында түсіндіру шараларын күшейту және бұл бағыттағы ауыл әкімдіктерінің жұмысының маңыздылығын атап өтті. Сақтандырылғандардың санын еселей отырып, медициналық қызметтің сапасын да арттыру керектігіне басымдық берді.

Аймақ басшысы денсаулық сақтау саласындағы кадр тапшылығын жою, мамандарды оқыту, барлық елді мекендерді алғашқы медициналық көмек көрсететін нысандармен қамту, қызмет сапасын арттыру секілді мәселелер бойынша жауаптыларға нақты міндеттер жүктеді.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз  қызметі

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Биыл 6 айда электросамокаттардың қатысуымен 78 жол апаты тіркелді

Екі жас скутер айдап мүгедек болып қалды

24.05.2025
Дархан Сатыбалды Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды

Алматы қаласының әкімі тағайындалды

24.05.2025
Таразда 4 мыңнан астам бала спорт секцияларына қол жеткізді  

Таразда 4 мыңнан астам бала спорт секцияларына қол жеткізді  

23.05.2025
Өңірлік колледждерде инвестициялық жобаларға сапалы кадрлар дайындалмақ

Өңірлік колледждерде инвестициялық жобаларға сапалы кадрлар дайындалмақ

23.05.2025
Елімізде ресми түрде шомылуға рұқсат етілген 698 орын бар

Елімізде ресми түрде шомылуға рұқсат етілген 698 орын бар

23.05.2025
Алматы тау кластері Орталық Азиядағы жыл бойы жұмыс істейтін ең ірі туристік жобаға айналады

Алматы тау кластері Орталық Азиядағы жыл бойы жұмыс істейтін ең ірі туристік жобаға айналады

23.05.2025
Талдықорғаннан солтүстікке қарай 12 км қашықтықта жер сілкінді

Талдықорғаннан солтүстікке қарай 12 км қашықтықта жер сілкінді

23.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский