Жуырда Алматы қаласында “9 мамыр – Жеңіс күні” мерекесіне орай, КСРО ІІМ еңбек сіңірген қызметкері, әділет генерал-майоры Рүстем Қайдаровты еске алуға арналған жауынгерлік самбодан халықаралық турнир өтті.
Турнирге Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Украина елдерінен барлығы 207 спортшыдан құралған 21 команда қатысты.
Жамбыл облысының Полиция департаменті атынан ПД бастығы Арманбек Баймурзиннің қолдауымен 4 қызметкер жарысқа аттанды.
Сайыс қорытындысы бойынша 79 келі салмақта полиция капитаны ПД Оқу-жаттығу взводының аға инспекторы Ерлан Махмұтов 2-орын және 98 келі салмақта полиция аға лейтенанты Оқу-жаттығу взводының инспекторы Ырыскелді Артықов 2-орынды жеңіп алды.
Өздерінің кәсіби шеберліктері мен қызметтік мықты даярлықтарының нәтижесінде ерекше көзге түсіп, жүлдегер атанған полиция қызметкерлері Ерлан мен Ырыскелді самбодан Қазақстан Республикасының құрамасына енгізіліп, Әлем кубогында бақ сынауға дайындықты бастап кетті.
Облысымыздың абыройын халықаралық дәрежеде лайықты қорғап келген қос жеңімпазды жүлделі орындарымен құттықтаймыз!