Тараз қаласы әкімінің №125 ж/қ өкімімен Тараз қаласы әкімінің орынбасары болып Даулетов Дауир Рысбаевич тағайындалды.
Даулетов Дауир Рысбаевич 1986 жылы 21 қаңтарда Жамбыл облысы Талас ауданы Бостандық ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ, білімі – жоғары.
2007 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «филология», 2010 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Алғашқы еңбек жолын 2007 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Жамбыл облысының балалардың құқықтарын қорғау департаментінің штаттан тыс іс жүргізуші болып бастаған.
2008 – 2012 жылдары Жамбыл облысының балалардың құқықтарын қорғау департаментінің балалардың құқықтарын қорғау мониторинг және ақпараттық талдау қызмет бөлімінің бас маманы, бастығы;
2012 – 2014 жылы Жамбыл облысының балалардың құқықтарын қорғау департаментінің мониторинг және ақпараттық талдау қызметі бөлімінің бастығы;
2014 – 2018 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің облыс әкімінің бас инспекторы;
2018 – 2023 жылдары Жамбыл облысы Байзақ ауданы әкімінің орынбасары.