Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел ақпаратты жүзеге асыру барысында арнайы іс-шаралар жүргізді. Жедел-іздестіру жұмыстары кезінде Тараз қаласының темір жол желісі маңынан полиэтилен пакеттегі 12 калибрлі «ИЖ-18ЕМ» маркалы бір ұңғылы шолақ мылтық, «Полиция» деген жазуы бар қорғаныс кеудешесі (бронежилет) табылып, тәркіленді.
— Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша ҚР ҚК 287-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды (қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру). Сот-баллистикалық сараптамасы тағайындалды, — деп атап өтті Жамбыл облысы ПД ЕҚҚІБ бастығы полиция подполковнигі Әлім Бажықбаев.