№9 сайлау округі бойынша Тараз қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат Камал Тұрлыхан Әлиханұлы
ӨМІРБАЯН
Мен Камал Тұрлыхан Әлиханұлы 1993 жылы 8 шілде күні Қызылорда облысы, Қызылорда қаласында дүниеге келдім. Жанұямыз 8 адамнан тұрады. Әкем, анам, 2 інім, қарындасым, және келіншегімен 2 ұлым. Әке-шешеммен бауырларым Қызылорда қаласында тұрады.
2011 жылы Қызылорда қаласы, Қызылжарма ауылдық округіндегі №144 С.Әліжков атындағы орта мектебін тәмәмдап, сол жылы Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының «Бастапқы әскери дайындық» мамандығына оқуға түсіп, аталмыш жоғарғы оқу орнының 2015 жылы бітірдім.
Жұмыс өтілі:
— 01.04.2014 – 20.01.2017 ТарМПИ Студенттік кәсіподақ ұйымының төрағасы
— 31.03.2016 – 01.01.2023 «Жамбыл облысы Жастар мәслихаты» ЖҚБ төрағасы
— 21.02.2017 – 10.10.2017 Қызылорда қаласы әкімдігі «Ішкі саясат бөлімі» ММ-нің қоғамдық қызметкері.
— 1.04.2018 – 15.10.2018 «ZhasProject» Жастар корпусын дамыту жобасының Жамбыл облыстық кеңсесінің гранттық менеджері
— 01.09.2018 – 01.03.2019 Тараз қаласы әкімдігі білім бөлімінің «№ 3 мектеп-лицей» КММ-нің БӘД пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы
— 01.03.2019 – 01.04.2019 Жамбыл облыстық жастар ресурстық орталығының аға инспекторы
— 01.04.2019 – 15.11.2019 «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры
— 02.12.2019 – 08.06.2020 Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің инспекторы
— 08.06.2020 – 27.04.2021 Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыру секторының меңгерушісі
— 27.04.2021 – бүгінгі күнге дейін Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры орынбасары.
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА
- ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың саясатын қолдауға;
- Қаламызды дамытудың экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларының орындалуына, бюджеттік қаражаттың дұрыс бөлінуіне тиімді бақылау орнатуға қол жеткізу;
- Жастардың бос уақытын тиімді пайдалану, құқық бұзушылық әрекеттерінің алдын алуға (аула клубтарын, балалар ойын алаңдарын, спорт алаңдарын ашуға барынша үлес қосу. Психологиялық көмек көрсету, кеңестер беру);
- Жастарға жұмысқа орналасуына барынша жағдай жасау ( алғашқы жұмыс орындары, тұрақты жұмыс орындары және қоғамдық жұмыстарға тарту);
- Бүгінгі таңда сын көтермейтін педагог кадрларды дайындау мен қайта даярлау сапасын жақсарту;
- Ұйымдастырылған қылмыс түрлеріне (синтетикалық есірткі түрлері) қарсы тұруға тиімді шаралар қабылдау жұмысына белсенді түрде атсалысу.
Тәуелсіз еліміздің тұғырлы болуына барынша үлес қосып, осы бағыттарда жұмыс атқаруға, аянбай еңбек етуге әрқашан дайынмын.