Қазіргі таңда қылмыстық істер электронды форматқа көшірілді. Бас прокуратура «Е-қылмыстық іс» бағдарламасын әзірледі. Бүгінгі уақытқа дейін қаралып жатқан қылмыстық істердің барлығы қағаз жүзінде сотқа жолданатын. Елбасымыздың бастамасына сай елімізде цифровизациялау үрдісінің дәлелін өз көзімізбен көріп отырмыз. Қылмыстық істер қазіргі таңда электронды түрде сотқа түсуде. Оны жоғалтуға, жалған құжаттар жасауға, жойып жіберуге еш мүмкін емес. Электронды қылмыстық іс дәлелдемелерді қолдан жасағанға тосқауыл болатыны сөзсіз.
«Электронды қылмыстық іс» жобасы инновациялық технологияларды енгізу арқылы қылмыстық процестерді жеңілдету мен олардың мерзімін қысқартуға бағытталған. Цифрландыру саласындағы жаңа технологиялар уақытты үнемдеп, коммуникация мен басқарушылықты жеңілдетеді, сапаны жақсартып, шығындарды қысқартады.
Электрондық санкциялардың қызметі онлайн-тәртіпте тұтқында ұстау түріндегі санкциялық шаралардың мәселесін реттеуге мүмкіндік береді. Ал бұл өз кезегінде шығындар мен процессуалдық мерзімдерді қысқартуға жол ашып, ұсталғандардың қашып кету қаупін төмендетеді.
«Электронды қылмыстық іс» инновациялық технологияларды енгізу арқылы қылмыстық процестерді жеңілдету мен олардың мерзімін қысқартуға бағытталған.
Істерді Е-форматқта қолдану – европадағы дамыған елдердің көбісінде қылмыстық іс қағаз жүзінде емес, электронды түрде жүргізіледі. Көштен қалмау мақсатында, дамыған елдердің қатарына қосылу үшін мемлекетіміз көптеген мемлекеттердің тәжірибелері зерделенді. Құқықтық статистика комитеті «Е-қылмыстық іс» бағдарламасын әзірледі.
Электронды қылмыстық істің негізгі пайдасы ол қылмыстық істі бұрмалауға жол бермейді, электронды форматқа көшу, істер бұдан да тезірек тергелмек, өйткені құжаттар орталық пен аудандар арасында апталап жүрмейді. Жүйеде 100 шақты процессуалдық құжаттың шаблоны бар. Соттан санкцияны электронды түрде алуға болады, талдау күшейеді. Әрбір қылмыстық іске терең үңіліп, дұрыс практиканы қалыптастыруға мүмкіндік ашылды. Жәбірленуші, айыпталушы, адвокат істің қалай қаралып жатқанын кез-келген уақытта онлайн режимде көре алады. Ол дегеніміз тараптар тергеушінің іс-әрекетіне шағым келтірсе, оны прокурор бірден онлайн түрде тексере алады.
Жамбыл аудандық сотының судьясы Д.С.Қыдыралиева