• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 17:23
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Тәуелсіздік күні қарсаңында «Айтұмар» байқауының жеңімпаздары марапатталды

turan_admin turan_admin
14.12.2022, 18:35
Жаңалықтар
Тәуелсіздік күні қарсаңында «Айтұмар» байқауының жеңімпаздары марапатталды
124
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

 

Алматыда «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы бас демеуші болып, Қазақстан Жазушылар одағы ұйымдастырған «Айтұмар» балалар әдебиетінің үздік туындыларының республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды.

Жүлде қоры 12 300 000 теңгені құрайтын байқауға поэзия, проза және драматургия бағыттары бойынша 200-ге тарта шығарма келіп түсті. Оның ішінде әр жанр бойынша 6 адамнан жеңімпаз деп танылып, әр аталым бойынша І орын (біреу)  – 1 000 000 теңге, ІІ орын (екеу) – 800 000 теңге, ІІІ орын (үшеу) – 500 000 теңге табысталды.

Нәтижесінде проза жанры бойынша І орын Арман Әділбекке, ІІ орын Мейіржан Жылқыбай мен Зиядибеков Нұрасылға және ІІІ орын Мереке Айсәуле, Әбдіманап Дана, Қарлығаш Сарбаеваға бұйырды.

Поэзия жанры бойынша І орынды Мерей Қарт, ІІ орынды Айдана Бейсен, Асылан Тілеген және ІІІ орынды Мұқағали Кенжетай, Айдана Сегізбай, Нұрбибі Аязбай иеленді.

Драматургия бойынша І орын Назерке Құмарғалиеваның, ІІ орын Әлібек Байбол мен Жансерік Құттыбаевтың және ІІІ орын Жәнібек Қойтай, Рахат Әлішер, Ықылас Шалғымбайдың еншісіне бұйырды.

«Баршаңызды осы Тәуелсіздік күні қарсаңында болып жатқан айтулы шарамен құттықтауға рұқсат етіңіздер. «Айтұмар» республикалық байқауының жеңімпаздарына әрі қарай да биік шығармашылық табыстар тілеймін. Аталған балалар әдебиеті сайысы жас қаламгерлерге шабыт, елімізге мол рухани азық сыйлады деп үміттенемін. Осылайша «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы мемлекеттік тілді дамытуға үлес қосады. Біз Балалар жылы Жазушылар одағы қолға алған игілікті істің маңызын жете түсініп, қолдауды жөн деп таптық. Егемендігіміз мәңгі, ұрпағымыз аман болсын», — деді марапаттау рәсіміне қатысқан «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының бірыңғай қайырымдылық операторы — «Samruk-Kazyna Trust» қоры бас директорының орынбасары Серғожа Қалиасқаров.

 

Байқауға 14-35 жас аралығындағы, ҚР аумағында тұратын кез-келген қаламгер қатыса алды. Әр қатысушыдан тек бір ғана аталым бойынша проза, поэззия және драматургия жанрларында шығармалар қабылданып, жоғарыда келтіргеніміздей, жалпы алғанда 18 жеңімпаз марапатталды.

«Аталмыш байқау Балалар жылының ең озық іс-шараларының бірі болып отыр. Соңғы жылдары қазақ әдебиетінде балалар әдебиеті жанрының кенже қалып бара жатқаны, ал ерекше балалар үшін әдебиеттің тіпті де қолжетімсіздігі жиі айтылып жүр. Мұнымен қоса «Менің атым Қожа» сынды тұта

 

с буынды тәрбиелейтін шығармалардың жоқтығына зиялы қауым өкілдері қынжылыс білдіріп жатады. Бұл ретте қазақ руханиятының қарашаңырағы Қазақстан Жазушылар одағы төл әдебиетімізді дамыту бағытында ауқымды жобалар ұйымдастырып келеді. «Айтұмар» балалар әдебиеті туындыларының республикалық байқауы осыған дәлел», — деді Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы, ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Ұлықбек Есдәулет.

 

Жоба барысында ұйымдастырушылар байқауға келіп түскен шығармаларды балаларға, оның ішінде олардың мүмкіндігі шектеулі қатарластарына көбірек насихаттауға басымдық беріп, шығармалар оңай оқылу үшін аудио, электронды нұсқалары әзірленеді. Сонымен қатар, жеңімпаз атанған шығармалар жинақталып, кітап болып жарық көреді. Кітап еліміздегі 200-ге тарта кітапханаға, инклюзивті орталықтар мен балалар үйіне таратылады деп жоспарлануда.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Тоқаев ШЫҰ туралы: Ең бастысы – «Шанхай рухын» сақтап қалдық

Тоқаев ШЫҰ туралы: Ең бастысы – «Шанхай рухын» сақтап қалдық

02.09.2026, 13:00
Тек ресми мәліметтерге сеніңіз: JAQ.OrtCom фейктердің таралуы туралы ескертеді.

Тек ресми мәліметтерге сеніңіз: JAQ.OrtCom фейктердің таралуы туралы ескертеді.

19.08.2026, 15:16
«Сізге банктен қоңырау шалып жатыр»: телефон алаяқтарын қалай тануға болады

«Сізге банктен қоңырау шалып жатыр»: телефон алаяқтарын қалай тануға болады

18.08.2026, 11:41
Қазақстан прокурорлары әлемдік ЖИ сарапшысы Кай-Фу Лиге өздері жасаған сандық жобаларды ұсынды

Қазақстан прокурорлары әлемдік ЖИ сарапшысы Кай-Фу Лиге өздері жасаған сандық жобаларды ұсынды

05.08.2026, 16:32

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Елордада жамбылдық креаторлардың жәрмеңкесі өтуде

05.09.2026, 15:50

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.