Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті жүргізген антикоррупциялық мониторинг барысында ауыл шаруашылығы мақсатындағы ірі жер учаскесін пайдаланбау фактісі анықталды.
Сарысу ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 18 шілдедегі шешімімен «БН Экотехнология» ЖШС-на 49 жыл мерзімге 60 000 га жайылымдық жер уақытша пайдалануға берілді. Бұл ауданның барлық жайылымдық алқаптарының 10,2%-ын құрайды.
Алайда бүгінгі күнге дейін «БН Экотехнология» ЖШС мал басын тіркеу жүргізілмеген, демек, жайылымдық жерлер мақсатқа сай пайдаланылмаған.






