Бүгін Жамбыл облыстық сотының төрағасы Ербол Ахметжанов судьялар қауымдастығына жаңадан тағайындалған облыстық соттың судьясы мен аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағаларын таныстырды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 11 шілдедегі №956 Жарлығымен облыстық соттың судьясы болып Айгуль Нурлыбекова, төраға лауазымдарына — Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына Думан Мауленов; Мойынқұм аудандық сотына Баглан Далибаев және Шу аудандық сотына Мар-Лен Тлеубеков тағайындалды.
Облыстық соттың төрағасы Е.Ахметжанов, жаңадан тағайындалған облыстық соттың судьясы мен төрағаларды құттықтай отыра, оларға сот төрелігін атқарудағы қызметтеріне табыс тіледі.
Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі