Мойынқұм ауданының аумағында жедел-алдын алу іс-шараларын жүргізу барысында табиғатты қорғау полициясының инспекторларымен облыстық маңызы бар автожолда жөндеу жұмыстарын жүзеге асыратын ЖШС-тің сексеуіл ағаштарын заңсыз кесу дерегі анықталды. Аталған ұйым жергілікті атқарушы органның рұқсатынсыз жол жиектері енінің стандарттарын бұзған. 5 текше метр қызыл кітапқа енген өсімдікті жойғаны анықталды.
Аталған дерекке қатысты полиция қызметкерлерімен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 340-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Қазіргі уақытта мемлекетке келтірілген шығын көлемі анықталуда. Сот-биологиялық сараптама тағайындалды.
Жамбыл облысының Полиция департаменті сексеуілдің жойылу қауіпінің әлі де төніп тұрғанын еске салады! Еліміздің мемлекеттік орман қоры аймақтардағы сексеуіл ағаштарын кесуге 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін тыйым салынады.