Қазақстан Республикасының судьялары, Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын басшылыққа ала отырып,
Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының, Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакті ережелерінің, БҰҰ Бас Ассамблеясының Қарарымен мақұлданған сот органдары тәуелсіздігінің негізгі қағидаларының маңыздылығын сезіне отырып; судьялардың тәуелсіздігі, объективтілігі, теңдігі, адалдығы мен сатылмайтындығы, құзыреттілігі мен ұқыптылығы және әдеп нормаларын сақтау туралы судьялардың жүріс-тұрысының Бангалорлық қағидаттары мен қағидаларын ескере отырып; үстемдікті құқық пен демократияның, ал сот билігінің тәуелсіздігін әділ сот талқылауына деген құқықтың базалық элементі ретінде мәлімдей отырып; азаматтардың, қоғамның адамагершілік, адалдық пен сатылмайтындық мәселелерінде биліктің сот тармағына, сондай-ақ сот жүйесінің беделіне деген сенімі қазіргі демократиялық қоғамда аса маңызды рөлге ие екендігін мойындай отырып; осы Судьялық әдеп кодексін қабылдай отырып, жұмыс істеп жүрген судьялар мен отставкадағы судьялар үшін осы заңда көрсетіліп, жүріс-тұрыстың әдеп қағидалары белгіленді.
Тараз қаласының № 2 сотының судьясы С.Дмитриева