
— Ерлан Тұрсынәліұлы медицина саласына қалай келдіңіз?
Негізі медициналық институтты бітіргеннен кейін интернатураны урология саласына бітіргенмін. Енді Құдайдың бұйырғаны шығар. Жұмыс орны осы урология жағынан екінші қалалық ауруханада орын болған жоқ. БСМП ауруханасына жұмыс іздеп келгенімде орын болмады. Бірақ травматологияда орын болған соң сол жаққа жұмысқа кірдім. 20 жылдан астам жұмыс істеп сіңісіп кеттім. Енді басқа мамандық таңдайтын ой болған жоқ.
— Қандай жағдайлар Сіздің жұмыста елең еткізді?
Осы соңғы жылдары елді дүр сілкіндіретін Байзақта болған жағдайлар. Одан соң, осы тамыз айында болған жарылыстар болды. Одан кейін мынау Қаңтар айында болған ауыр жағдайлар есте қалды. Бірақ енді мынау марапат жалғыз менің емес менің ұжымымның марапаты. Өйткені, біздің осы ұжымымыздың бір қасиеті, осындай көп адам түскен кездегі жағдайларда, өзіміздің «Массовый поступление» деген кодтық сөзіміз бар. 15-20 минутта осы қалада жүргендердің бәрі жинала қалады. Әркім өз орнын біледі. Біреуі қабылдауда, бірі операционный да, бірі реанимациялық кабинетте, бірі рентген кабинетінде тізімдерді жинап, әркімді сараптап, реанимацияда көмек көрсетеді, операция істейді. Біреулері емшараларын бөлімдерде бастайды. Әйтеуір әркім өз орнын біледі.
— Жаңадан дәрігерлер болып келген қандай ота жасадыңыз?
Ең бірінші әр дәрігерге жаңадан келгенде ең оңай операцияларды береді. Маған берілгені сол аппэндоктамия. Жұмысқа түскене майда сүйектерді жинауды рұқсат етеді.
— Жанұя мүшелері Сіздің қауырт жұмысыңызға қалай қарайды?
Тәжірибеме 23 жыл болды. Отбасым бұған үйреніпте қалды. Бірақ сөзбен кетеміз «Массовый поступление» деймізде, жиналып, түнде кетемін. Олар түсінеді, қолдайды. Сондай түсінушілікі білдірмесе ондай жұмыс алға жүрмейтін еді. Қазір бәрін біледі, түсінеді. Аллаға шүкір 3 балам бар. Барлығы мектепте оқиды. Үлкен балам Назарбаев Зияткерлік мектебінде, екі балам 8-інші орта мектепте білім алуда.
— Медицина саласына келуіңізге кім себепкер болды?
Бір әпкем медициналық училищені бітірген медбике. Бірақ отбасын құрып, ары қарай оқыған жоқ. Бір әпкем дәрігер, қазір ол кісі Астанада жұмыс жасайды. Енді солардың жолын қуып, менде мединститутқа түсіп, бітірдік. Әкеміз талай жылдан бері оқу саласында істеп жүр. Анамыз экономист. Медучилище ұнады. Медучилищені бітірдім. Сөйтіп қазіргі уақытта дәрігер болып жұмыс істеп жүрміз.
— Жылына қаншама адам көмек бересіз?
Біздің бөлімшеде орташа жылда санағанда жылында 2000-ға жуық адамдар келіп түседі. Біздің жалғыз бөлімшеде. Одан басқада облыста, аудандық ауруханаларда әдістемелік көмек көрсетеміз. Кейбір жағдайларда шығып, сол жақтан операция жасап шығамыз. Орталық ауруханаларда, ауылдарда. Бөлімшеде соңғы 3 жылда 1800-2000 операция жасалады. Бір жылда. 2021 жылда 1861 операция жасалды осы бөлімшеде.
— Байзақ оқиғасынан зардап шеккендерге қалай көмекті көрсетіңіздер?
Сол кездегі қиындығы сол бір түннің ішінде кешкі сағат 8-ден түнгі сағат 3-ке дейін бірден 98 адам келіп түсті. Адам жетіспейді. Ұжымға рахмет. Бір адамдай жиналды сол күні. Кешкі сегіз жарымнан бүкіл бөлімше аяғынан тік тұрды. Жұмыс істеді. Барлығын атқардық. Енді жалғыз травматология емес ол жерде, хирург мамандар операционный блок, реанимацияға күш түседі. Бірақ біздің аурухана ондай жағдайларға дайын. Ол күндікте менің мақтанатын жерім бар. Өйткені сегіз жарымнан Талдықорғаннан біздің әріптестер хабарласты. Бас дәрігер: «Талдықорған облыстық ауруханасынан көмекке келейік» деп. Алматыдан бір топ травматолог мамандарымыз дайын. Кел десең, қазір ақ жетеміз» деді. Ұлттық ғылыми зерттеу институтынан да кісілер хабарласты. Көмектесейік деп Құдайға шүкір, осы Қазақстанның дәрігерлері бір-біріне көмек беруге әрқашанда дайын. Ондайды басқа салмасын. Басқа облыстарда сондай жағдайлар болса, мамандардың бәрі дайын ондай көмекке.
Өкінішке орай, соңғы жылдары жалпы Қазақстан бойынша дәрігерлер жетіспейді. Кадрлар жетіспейді. Қазірдің өзінде травматолгоияда біздің бөлімшеде 9-ақ адам жұмыс істейміз. Ол өте аз. Өйткені операциялар көбейіп жатыр жылдан жылға. Қиындықтар көбейіп жатыр. Мамандар керек. Қабылдау бөліміне адамдар керек. Бізді күндізгі стационар деген бар. Оның жұмысы көбейіп жатыр. Өйткені, біздің бүкіл Министерліктің саясаты бойынша жылдан жылға стационар көмекті азайтып, үйдегі көмекке жайлап ауысу керек. Мамандар келеді деген үміттеміз!
ТҰРСЫНӘЛІ АТАМЕН СҰХБАТ
Енді біз Ерланды дәрігер болады деп ойлаған жоқ едік. Бірақ менің ең кенже қарындасым осы Қарағанды медициналық институтына түсіп, дәрігер болып жүрген. Сол әпкесіне жақындау еді. Сол әпкесіне еліктеп сондай шешм қабылдады ау деп ойлаймын. Құдайға Шүкір таңдаған мамандығы көңілден шыққандай болды. Соның арқасы шығар осы талай жылдан бері еңбек етіп келе жатыр, осы қалалық ауруханада. Марапат алғанда таңғалу түгілі тіпті өз құлағымызға өзіміз сенген жоқпыз. Өйткені, ел қатарлы еңбек етіп жатыр деп қоятынбыз. Дәрігердің барлығының жұмысы осындай шығар дейміз. Күндіз — түні, кей кездерде түн ортасына тұрып кететін жағдайлар болып жатты. Соңғы жылдары ел ішінде әртүрлі жағдайлар болып жатты ғой. Қордайдың оқиғасы болды, Байзақта жарылыс болды. Содан кейінгі мынау Қаңтар оқиғасынад апталап үйде болмай, тіпті байланысқа шықпай жатқан кездері болды. Ішімізде қорқынышта болды, уайымда болды. Көп сөйлемейді, «Барлығы жақсы, енді қиындықтар болды» дейді де қояды. Ондай болды, мұндай болды деп бізге ашып ештеме айтпайды. Енді өзінің еңбегі шығар, ұжымының еңбегі шығар.

ЕРЛАННЫҢ АНАСЫ «ҰРЫСЫПТА АЛАМЫН»
Жүрегіміз ауырып, сағынамыз. Оның жасына қарамай ұрысыпта аламыз. «Қайда жүрсін, күнімен түнімен жоқсын» деп. Енді менінде айтарым, осы еңбегінің арқасы ғой осы. Күні түні сол жақта жүріп. Енді сол еңбегіне жағдай жасап жатырмыз ғой, алаңдамай жұмысын істесін, тірлігін істесін деп. Мен өзімнің келініме үлкен рахмет айтқым келеді. Келінім бастап, біз бармыз әйтеуір бала-шағасына қарап, жағдайын жасап, алаңдамай елге еңбегін сіңірсін деп жатырмыз. Енді сол еңбегінің арқасы деп ойлаймын. Уайымдаймын, қатты уайымдаймын. Әсіресе сол уайымды осы індет кезінде қатты сезіндім. Індет ішінде жүрді, күнде осындай жағдайлар болып жатыр, осындай жағдайлар болып жатқанын көріп, естіп, біліп жатырмыз ғой. Сол шаршап, шалдығып түнгі сағат 10-11-лерде келген кездері болды. Сол кездерде қатты жаным ашыды. Осы бір мамандықты таңдағанына да, сол кезде онша қуана қойған жоқ едім. Бұлардың еңбектері бұрын елеңбеуші еді. ҚАзір елеңіп жатқанына қуаныштымын.






