Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлері өткен аптада 22 дана қару мен 800-ге жуық түрлі калибрлі патрондарды тәркіледі.
Олардың ішінде 3 жарық-шу гранатасы, 1 травматикалық қару, 1 тапанша, 2 карабина, 3 автомат, 12 аңшылық мылтық, 2 газ тапаншасы, 1 тегіс ұңғылы помпалық мылтық бар.
Табылған қаруларға сот-баллистикалық сараптама тағайындалды.
Жамбыл облысының Полиция департаменті қарудың, оқ-дәрілердің, арнайы құралдардың орналасқан жері туралы хабарлаған немесе оны полицияға өз еркімен тапсырған адам, егер оның басқа құқық бұзушылықтарға қатысы болмаса, қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын еске салады.
Анонимділікке кепілдік беріледі.
Егер сізде ұрланған қару-жарақ, оқ-дәрілер және арнайы құралдар туралы ақпарат болса, «102» тетігіне қоңырау шалыңыз.