• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Жамбылдық кәсіпкер өз сауда белгісімен мақсары майын өндіруде

26.11.2021
0
Жамбылдық кәсіпкер өз сауда белгісімен мақсары майын өндіруде
281
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Жамбыл облысы Жуалы ауданында жеке кәсіпкер Гульчахра Исмаилова нарықтық экономикаға бейімделе отырып, мақсары майын мемлекеттік стандартқа сәйкес келетіндей, өзінің сауда маркасымен құтыға құйып шығаруда.

Мақсарыдан алынатын өнім – асқатық май. Бағасы да қымбат емес. Бұл дақыл бірқатар аудандарда өсірілуде. Тіпті құнарсыз деген жердің өзінде де мақсары жақсы өнім береді.Шет мемлекеттерде қымбат бағаланатын мақсары майы өзімізде көпке дейін қолданылмай келді. Бүгінде жеке кәсіпкер Гульчахра Исмаилова ширек ғасырдан бері аудан орталығында мақсары дәнінен экологиялық таза май шығарумен айналысып келеді. Бастапқыда үйінде шаруа қожалықтардан аз көлемде мақсары дәнін қабылдап, одан май өндіріп жүрді. Шағын ғана цехта өндірілген өнімін күнделікті орталық базардағы сауда нүктесіне апарып өткеретін.

— Алғашында жұртшылық біздің шығарған өнімге тосырқай қарады. Сөйтсек, мұнымыз ерекше қасиетке ие өсімдіктің пайдасын жете білмегендіктен екен. Кейіннен мақсары майының экологиялық таза, құнарлы екенін түсінгеннен кейін ғана тұтынушылар қатары артты. Біртіндеп өндіріс алаңын кеңейтіп, сапалы май шығару қажеттігі туындады. Іздене жүріп жұбайым Рустам екеуміз Қытайдан жаңа құрал-жабдығын сатып алып, жаңа қонысымызға орнатып, цех жұмысын қайта жандандырдық. Шикізат болса өндіріс те жақсы жұмыс істейді. Соңғы жылдардағы құрғақшылық біздің өндірісімізге де өз әсерін тигізбей қоймады. Бірақ одан да жол тауып шығып келеміз. Оның үстіне қазір азық-түлік бағасы да қымбаттап кетті. Бұған дейін майдың литрін 600 теңгеден тұрақты ұстап келдік. Ал енді бұл бағада ұстап тұруға мүмкіндік жоқ. Бағаны біршама көтеруге тура келді. Қазір литрін 800 теңгеден босатып жатырмыз. Тұрақты алатын тұтынушыларымыз бар. Алматыдан, басқа қалалардан арнайы тапсырыспен алып тұратын клиенттеріміз де бар, — дейді жеке кәсіпкер.

Цех жұмысын жүргізуге жұбайы Рустам мен ұлы Сухраб көмектесуде. Гульчахра мақсары майының сапасы күнбағыс пен мақта майынан кем түспейтініне сенімді. Дақылдың дәні дәстүрлі медицинада да кеңінен қолданылады. Мақсары гүлінен қайнатылған шәй бүйректі тазартады, қанды сұйылтады, қысымды төмендетеді. Дәрігерлер оны ағзадағы ас қорыту кезіндегі бұзылысатарға және басқа да аурулар кезінде қолдануға кеңес береді.

— Мақсары дәні қалдықсыз өнім болып есептеледі. Шикізат өткізген шаруа қожалықтар өз қалауына қарай, кейде майын алып, жомын қалдырып кетіп жатады. Ал жом дегеніңіз малға қажетті нағыз азық түрі. Майы алынғаннан кейін де үлкен сұранысқа ие. Мәселен, мақсарының майынан қалған қалдықтан Иранда халуа дайындалса, Түркияда түрлі сабындар шығарады, — деді ол.

Жеке кәсіпкер жыл бойына май өндірумен шектелмей, алдағы уақытта егістік алқаптарына майлы дақылдар себуді де көздеп отыр.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Тегтер: дәрігерКәсіпкерөнім

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

01.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты