Жамбыл аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Алтай Сауруковтың айтуынша, өңірге өткен аптада жеткізілген 30 доза «Pfizer» вакцинасының бүгінде 27-сі балаларға, 1-уі бала күтіміндегі, 2-уі жүкті әйелдерге салынған.
Аудандық емханаға арнайы келген бала күтіміндегі Жұмакүл Мырзай екпені баланың денсаулығы мен болашағы үшін қабылдағанын айтады. Әр отбасының алтын қазығы – бала. Оның денсаулығына ата-ана тікелей жауапты. Бүгін емханаға келіп, дәрігерлердің нұсқаулығын тыңдап, вакцина қабылдадым. Екпені көптен бері күтіп жүрген едім. Барлықтарыңызды екпе алуға шақырамын– дейді ол.
Жамбыл аудандық орталық ауруханасының иммунолог дәрігері Жадраш Тотаева бұл вакцинаның қауіпсіздігі мен тиімділігі басқа екпелерге қарағанда жоғары екенін жеткізді. Екпе 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдерге, 16- 37 апталық жүкті әйелдерге және 42 күннен асқан емізулі аналарға салынуда. Екпеден өткеннен кейін 30 минут дәрігерлердің бақылауында болады.
Өңірлік коммуникациялар қызметі