• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 18:38
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Өзге тілдің бәрін біліп, қазақ тілін құрметтеген Марина

turan_admin turan_admin
07.09.2021, 14:11
Азаматтық қоғам институттары, Қоғам
Өзге тілдің бәрін біліп, қазақ тілін құрметтеген Марина
108
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Ұрпақтар сабақтастығын және Қазақстан халқының дәстүрлерін танымал етіп, тіліміздің тұғырын биіктетіп жүрген жалынды жастар аз емес. Ол қатарда Қазақстанда туып, қазақ тілін жетік меңгерген өзге ұлт өкілдері де бар. Соның бірі – Марина Фалеева.

Марина Владимировна 1998 жылы дүниеге келген. Солтүстік Қазақстан өңірінің тумасы. Қазақ тілін бала кезінен жақсы көріп, еркін меңгерген. Қазақ тілінен Қанипа Бітібаева атындағы халықаралық олимпиадада екі рет жеңімпаз атанған. Республикалық және облыстық пәндік олимпиада жарыстарында қазақ тілінен бірнеше рет топ жарған. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде қазақ тілі мамандығы бойынша білім алған. Марина – полиглот. Орыс тілі – туған тілі, ал аса қатты қадірлейтін қазақ тілінен бөлек ағылшын және түрік тілдерінде де сөйлей алады.

Маринаның қазақ тілін үйренуіне себепкер болған бірден-бір жан – анасы. Кішкентайынан қазақ балабақшасына берген. Қазақтың салт-дәстүрін, әдет-ғұрыптарын санасына түйіп өскен.

— Анам мемлекеттік қызметкер болды. Сондықтан қазақ тілін білу жайлы да талап болды. Есейгенде үйрену қиындау да болды. Ал мені жетік білсін деп қазақ балабақшасына берді. Басында бір айдай ешкіммен сөйлеспей жүріппін. Кейін үйреніп алғанмын, — дейді.

Марина түрік тілін қазақ-түрік лицейінде оқып жүргенде үйренген. Бұл мектепте де қазақша білім алған. Ал бала кезгі арманы тележүргізуші болу екен. Бірақ кейіннен басқа салаға ауысқан.

— Тележүргізуші болсам деп қиялдадым. Жұрт алдына шығып, әкімдердің алдында сөз сөйлеп жүрдім. Сондықтан осы сала маған жақын деп сендім. Алайда мектеп кезінде телеарнадан тәжірибеден өтіп, өз бағамды түсіріп алғандай болдым. Содан кейін бұл салаға баруға жүрегім дауаламай қалды. ҚазҰУ-ға түскенде де осы салаға бет бұрамын деп ойлағанмын. Бірақ сәті келмеді. Қазір басқа қызметтемін, — дейді.

Біздің кейіпкер Абай мен Мұқағали өлеңдерін жатқа оқиды. Кішкентайынан қазақ поэзиясымен сусындап өскен. Ал мектепте талай олимпиадаға дайындаған ұстазы Әйгерім Жұмабекова шәкіртін мақтан тұтады.

Марина қыз балаларға арналған қазақ-түрік лицейінің «Алтын ұрпақ» кітабына енген түлегі, оқу озаты, қазақ тілі пәнінен республикалық, халықаралық олимпиадалар мен шығармашылық конкурстар, әдеби жарыстар жеңімпазы, облысымыздың мақтанышы. Мемлекеттік тілдің мәртебесі мен қолдану аясын кеңейту, жас ұрпақты қазақ тілін құрметтеуге баулу саласында үлгі боларлық тұлға. Сонымен қатар, Марина ибалы, инабатты мінезімен, үлгілі тәрбиесі мен мол шығармашылық әлеуметімен ерекшеленеді. Сан мәрте лицей туын зияткерлік жарыстарда биіктен көрсетті, — дейді маман.

Мақала Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының «Ұрпақтар сабақтастығын және Қазақстан халқының дәстүрлерін танымал етуді қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешенін іске асыру» мемлекеттік гранты аясында «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің қолдауымен «Жетістіктің тарихы» жобасы аясында әзірленді.

Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/blogs/28306

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Айдархан Қалиев, дизайнер, «Aspara» брендінің негізін қалаушы:   «Бір көйлекті сапалы етіп шығару үшін мың рет толғанамын»

Айдархан Қалиев, дизайнер, «Aspara» брендінің негізін қалаушы: «Бір көйлекті сапалы етіп шығару үшін мың рет толғанамын»

03.09.2026, 12:23
Таразда ҚХА медиация институтын дамытуға арналған семинар-тренинг өтті

Таразда ҚХА медиация институтын дамытуға арналған семинар-тренинг өтті

31.08.2026, 16:36
Таразда «Үміт шуағы» жобасы аясында «Зорлық-зомбылықсыз отбасы – бақытты қоғам» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Таразда «Үміт шуағы» жобасы аясында «Зорлық-зомбылықсыз отбасы – бақытты қоғам» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

31.08.2026, 16:30
«Әділет» партиясы Жамбыл облысындағы үгіт-насихат науқанын қорытындылады

«Әділет» партиясы Жамбыл облысындағы үгіт-насихат науқанын қорытындылады

25.08.2026, 17:25

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

05.09.2026, 18:12

Елордада жамбылдық креаторлардың жәрмеңкесі өтуде

05.09.2026, 15:50

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.